бірімен катынаста барлык кажетті тағамдык заттарды камтуы тиіс. Химиялыкжағынан біртүрлі теңдестірілмеген тамактанудан ағзадагы зат алмасу бұзылады. Тағам туралы казіргі заманғы ғылымнын теориялык негізі МҒА академигі А.А. Покровский калыптастырған теңдестірілген тамактану тұжырымдамасы болыптабылады.Бұлтұжырымдамаға сәйкес калыпты өміршеңдікті ағза оған кажетті аракатынастағы куаттың, ақуыздардың, көмірсулардың, майлардың, дәрумендер- дің, минералды заттардың, судың тиісті мөлшерімен камтылған жағдайда ғана мүмкін болады. Теңдестірілген та.мактану - ағзаны барлык кажетті тағамдык заттармен катаң белгіленген аракатынаста, тамактың корыты- луы мен оның химиялык кұрамының тепе-теңдік деңгейінің арасындағы корреляциялык байланысты камтамасыз ететін тамактану. Теңдестірілген тамактану түжырымдамасының не- гізінде жекелеген тамак өнімдерінің тағамдык құндылығын аныктау нұскасы жасалынады, адамнын тағамдық заттарға деген кажеттілік нормалары эзірленді. Дені сау адамның рацио- нында куат шығынының орташа деңгейінде, ағзаның куат жэ- не кұрылымдык кажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға мүмкіндік беретін акуыздар, майлар мен көмірсулардың ке- лесі аракатынасы 1:1:4(5) тиімді болады. Қаркынды қуат шы- ғындары кезінде тамақтағы майлар мен көмірсулар мөлшерін арттыра отырып, акуыздарды азайту керек: акуыздар тағамдык рационның жалпы калориялылығының 12-13 %-ын, майлар 30- 50 %-ын кұрауы тиіс. Ауыр дене жүмысы кезінде тамак рацио- нындағы акуыздар мөлшері 11 %-ға дейін, майлар 33 %-ға тө- мендетілуі мүмкін (оңтүстік өңірлер үшін - 27-28 %, солтүстік өңірлер үшін - 38-40 %). А.А. Покровскийдің түжырымдамасына сәйкес адамның калыпты өмір тіршілігін камтамасыз ету ағзаны куат пен акуыз- дың тепе-тең мөлшерімен камтамасыз ету жағдайында ғана емес, сонымен бірге зат алмасуда әркайсысы айрыкша рөл аткаратын ауыстырылмайтын тагам факторларының катан аракатынасын сақтау кезінде де мүмкін.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==