Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

т а р а у ТАМАҚТАНУГИГИЕНАСЫ Тамақтану - ағзаға үздіксіз эсер ететін сырт- қы ортаның негізгі гигиеналық факторларының бірі. Тамақтану арқылы адам жер шарының биосферасына кіретін өсімдіктерден жэне жануарлардан алынатын барлық химиялық заттармен ең тығыз байланысқа тү- седі. Тамақтану арқылы екі өзара карама-карсы жэне өзара байланысты процесс ассимиляция мен диссимиляция барысының үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Тамақтану - қуат шығындарын толтыру үшін қа- жетті тағамдық заттардың агзаға түсуінің, қорытылуы- ның, сіңірілуінің, ағзаның жасушалары мен ұлпаларын құрылуы мен қалпына келу, ағзаның физиологиялык кызметтерін реттеудің күрделі процесі. Тамақтану ағзаға белсенді максатты бағытталған эсер етудің, адам денсаулығын сақтау, калыптастыру мен нығайту құралдарының бірі болып табылады. Тамақтану арқылы адам ағзасының негізгі тір- шілік қызметтерінде бүрын дене қүрылысы мен тұ- қымқуалаушылык белгілердегі айрықша айырмашы- лықтармен түсіндірілетін өзгерістерге қол жеткізуэә

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==