Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

жер астында жұмыс істейтін адамдарға, жабык үй-жайларда жаттығатын спортшыларға жүйелі түрде жасанды ультракүлгін сәулесін (кварц) қабылдау ұсынылады. Күн радиациясының денсаулыкка пайдалы диапазоны салыс- тырмалы мөлшерде көп емес. Оның минимумы тапшылықты жою үшін кажет етілетін мөлшер ретінде аныкталады; оптимум жэне максимум ағзаның реакциясына жэне алынатын жылу кало- риясының мөлшеріне байланысты. Бір биологиялык мөлшерге сэйкес келетін сэулелену кезінде адамда физиологиялык қыз- меттердің үнемделуі мен жылдамдауында көрінетін жағымды реакциялар байқалады. Қаркынды жэне ұзак уакыт күн сәулесін- де болу дермадағы дәнекер-ұлпалык талшыктардың (коллаген- дердің) калыптасуының бүзылуына, терінің серпімділігінің жоғалуына жэне уақытынан ерте қартаюға алып келеді. Терінің қоректенуі бүзылады, ол жұка эрі кұрғак болады, оның атро- фиясы мен картаюы пайда болады. Ультракүлгін сәулелер дезоксирибонуклеиндік кышкылдың (ДНҚ) тізбегін - жасушаның генетикалык субстратын бұзады. ДНҚ үзілген тізбегінің кездейсоқ бірігуі катерлі жасушалардың пайда болуына алып келеді. Терінің катерлі ісігінің көпші- лігі ультракүлгін сэулелерінің айтарлықтай әсерінің кезінде ашық ауада шамадан тыс болуынан туындайды. Ультракүлгін сәулелердің көп мөлшері иммундык жүйенің қызметін бүзады, бұл катерлі ісік ауруларының дамуына жағдай жасайды. Жа- нуарларға жүргізілген тәжірибелерде ультракүлгін сәулеле- рі салыстырмалы шағын мөлшерде лимфоциттердің корғаныс кызметін бұзады. Терінің күнге күюі денсаулык үшін пайдалы кызмет экел- мейді, ол ағзаның ультракүлгін сәулелерден корғанысы болып табылады. Бастың күнмен сәулеленуі өмір үшін кауіпті аскыну - күн сәулесінің өтуіне алып келеді, оның тетігі ми қабатының тітіркенуіне жэне ми ұлпаларындағы кан айналымының бұзы- луына алып келуі мүмкін. Күн ванналарын гигиеналык дұрыс мөлшерлеу негізі - ағза- ның күн сәулесінің эсеріне біртіндеп үйренуін камтамасыз ету.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==