Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

1 2 3 4 21 10-25 5-10 3-8 22 13-25 7-15 5-10 23 13-25 10-18 6-12 24 15-40 12-20 7-15 25 20-45 15-30 8-18 Қысқы шомылу (морждану) - бүкіл ағзаның (стресс), оның ішінде нейроэндокриндік жүйенің (гипоталамустың, гипофиздің, бүйрекүсті безінің) күштену реакциясын тудыратын айрыкша карқынды тітіркендіргіш. Жылу реттеудің физиологиялық жэне биохимиялык тетіктері кенеттен болатын реакцияға үшырайды. Сондыктан қысқы шомылу қатаң түрде мөлшерленген, міндетті түрде дэрігерлік бақылаумен өткізіледі. Бірінші маусымда шомылу ұзактығы 20 секундтан аспауы тиіс, екінші маусымда - 40-50 секунд, үшінші маусымда - 60- 70 секунд. Шомылудың алдында жылы үй-жайда бой жазу үсынылады, ол жерден шомылу костюмімен шомылу орнына ауысады. Жүктемеден кейін кызып тұрған күйде суға бірден тү- суге болмайды. Суда каркынды козғалу керек, судан шыкканнан кейін сүртініп, ыскыланып, ұлпалардағы қан айналымын калпына келтіру максатында дене жаттығуларын орындау үшін спорт кос- тюмімен шешіну бөлмесіне бару керек. Қыскы шомылуды күнара жүргізген дұрыс. Тиімді кыскы шомылулар денсаулыкка жағымды эсер ете- ді, алайда оны шынығудың жаппай кұралы ретінде үсынуға болмайды, себебі бүл үшін жаксы денсаулык күйі, шынығудың карапайым кұралдарына үлкен мөлшерде алдын ала дайындау, тиісті шомылу орындары мен жағдайларының болуы, жүйелі дәрігерлік бақылау кажет. Қыскы шомылуды жалғыз жүргізуге болмайды, себебі ауытқулар пайда болуы мүмкін (сіңір тартылу, естен танулар, элсіздік). Күн сәулесімен шынығу Күнмен шынығу - едэуір ежелгі жэне кең тараған эдістер- дің бірі. Күн немесе нактырақ айтканда ауа-күн ванналарын қабылдау жалпы нығайтушы алдын алу жэне емдік эсер береді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==