Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

дык, каскадтык, айналымдық, Шарко душы, су асты душы болып бөлінеді. Теріні тазарту, жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру, шы- нығу мақсатында колданылатын жауындық душ едэуір кең тараған. Аралас душтың көмегімен едәуір шынығу эсеріне қол жет- кізіледі. Жылы судың әсерінен кан тамырлары кеңейеді, ал суық судың әсерінен тарылады, яғни қан тамырларының, әсіресе тері- нің қан тамырларының өзіндік бір гимнастикасы болады. Бұл кан ағымының артуына, ұлпалардың қоректенуін жақсартуға ықпал етеді. Нэтижесінде олар суықтың жэне жұқпалы факторлардың эсеріне едәуір төзімді болады. Аралас душ кан тамырлары спазмдарын түсіру мен алдын алуға ьщпал ете отырып, алдын алу мен кіші артериалдық қан тамырларының - артериол қабырғасының тонусын жаксартады, бұл қан тамырлары невроздарының (вегетативтік қан тамырлық дистониялар), гипертониялық аурудың алдын алу мен емдеуде маңызды рөл атқарады. Аралас душ жүйке жүйесінің қызмет- тік күйін қалыптастырады, ойлау жағынан жұмыс кабілеттілігін арттырады, колайлы эмоциялық жағдай тудырады. Ол суық тию ауруларын тудыратын салқын немесе суық душқа Караганда ка- уіпсіздеу. Аралас душ сауықтыру дене шынықтырумен айналысу- шыларға да, спортшыларға да үсынылады (17-кесте). Каскадтык душ (сарқырама душ) қарқынды рефлекстік жэне жергілікті уқалаушы эсер береді. Судың шашырауы нэ- тижесінде қалыптасатын иондалған ауамен дем алуға ықпал етеді. Шарко душы кезектілікпен дене бөліктеріне (арқа, кеуде, іш бөлігіне, қол, аяқ) бағытталатын қысыммен судың сорғалауы, ол шынығушы, массаж жасаушы жэне сергітуші эсер береді. Су асты массаж-душы эсері бойынша Шарко душына ұқсас; қысыммен су сорғалауының астында ваннада массаж жасалады. Бұл душ спортта калпына келтіру кұралы ретінде қолданылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==