Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Желдің орташа жылдамдығы кезінде ауаның салкындату- шы әсері 2-3 °С-ге, біршама жел түрған кезде 5-6 °С-ге артады. ЬІлғалды ауа райы салқындатушы эсер береді. Бұл жағдайда желден жэне ылғалдан қорғайтын спорт костюмін киеді. Ауа ванналарын белгілі бір мөлшермен кабылдаған дүрыс (13-кесте). Ауа ванналарын қабылдау кезінде бастың жоғарғы бөлі- гінен бастап, содан кейін мойынға, колға, кеуде қуысына, іш- ке, арқаға, белге, аяққа ауысып өз-өзіне массаж жасаған дурыс (сипау, уқалау жэне т.б.). Таза ауада ұзак уакыт болу шынығу эсе- рін береді: серуендер, ойындар, белсенді жэне енжар демалыстың басқа да түрлері. Таза ауадағы ұйкы, терезесі немесе форточкасы ашық жақсы желдетілетін бөлмедегі ұйқы да жақсы шынығу әсе- рін береді. Сумен шынықтырудын гигиеналық нормалары Судың үлкен жылу өткізгіштік әсерінен тең температура- дағы ауа ванналарына Караганда едәуір күшті термиялық тітір- кену береді. Мысалы, ауа температурасы +24 °С температурада адам шешінген күйде өзін жақсы сезінеді, бірақ осындай тем- пературадағы суда тыныш күйде ол салқындай бастайды жэне бұрынғы жылу сезімі суды енді +30... +35 °С-ге дейін жылытқан кезде қалпына келеді. Температуралық фактор судың сырткы эсері кезінде басты фактор болып табылады; ал терінің беті- не механикалық әсері болса (душ қабылдаған, шомылу кезінде жэне т.б.), термиялық эсерді тек күшейтеді. Шынығу үшін сал- қын су (+24...+16 °С) жэне суык (+16 °С-ден томен) су қолданы- л а д ы . Сумен шынығу кезінде: ысқылау, душ, су қүю, шомылу мен жүзу қолданылады. Ағза едәуір күшті әсерді шомылу кезінде алады, ең элсізі -ысқылау. Сумен шынығу процедурасының әдіс- темесі 14-кестеде берілген.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==