Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Бірінші кезеңде (суык ауаны жұткан кезде) тері мен жоғарғы тыныс алу жолдарындағы шырышты қабаттарында артерия- лардың (артериолалар) қысылуы (спазм) басталады, осымен байланысты ағзаның канмен камтамасыз етілуі жэне терінің температурасы төмендейді, соның салдарынан ағзадан сырткы ортаға жылу бөлінуі азаяды. Нәтижесінде дененің тұракты температурасы сақталады. Аз шыныккан адамдарда бірінші кезеңде тері мен шырышты кабаттардың температурасының төмендеуі бойынша да, сонымен бірге бұл реакцияның ұзактығы бойынша да едэуір айкын көрінеді. Адам ағзасы реакциясының бұл ерекшелігін шынығу деңгейін аныктау үшін қолданады. Теріге суык су кұйылған ыдыс койылады (мысаты, 4° С) жэне жанасу орындағы жергілікті температураның деңгейі мен оның қалпына келу ұзактығы анықталады. Суыққа эсер етудің бірінші кезеңі екінші кезеңін дамыту үшін іске қосу тетігі болып табылады. Рефлексті түрде нейроэн- докриндік жүйе арқылы зат алмасу күшейеді, каңка бұлшық еті- нің, бауырдың, ішкі мүшелердің куатты өндіруі артады, канмен камтамасыз етілуі күшейеді, терінің кан тамырлары кеңейеді, те- рідегі кызмет етуші капиллярлар саны артады. Екінші кезеңде ағза жылуды едәуір карқынды өндіру есебі- нен дененің түрақты температурасын сактайды. Бұл процестер әсіресе шынығу тетігінде маңызды. Әрбір шыныктыру шараларын жүргізген кезде осы кезеңге жету қажет жэне үшінші кезеңнің дамуына жол бермеу керек, се- бебі ол реттеуіш-қорғау тетіктерін шамадан тыс күштенуі мен ке- рі кетулер салдарынан туындайды жэне шынығу шараларының мөлшерден асып кетуінің белгісі болып табылады. Осы кезеңде терідегі қан ағымы баяулайды, ол көкшіл түске ауысады, «кұс те- рісі» пайда болады, адам жағымсыз калтырауды сезінеді. Шыны- ғу эсері реакцияның екінші кезеңнің жылдам болуында жэне оны тұракты үстап тұруда көрінеді. Шынығу деңгейіне қарай суық тітіркендіргіштің қаркыны артады. Алайда суық тітіркендіргіш- тің күшіне байланысты шынығудың физиологиялық тетіктерінің дамуында ерекшелік бар.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==