Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

жойылады, демек, суыкка, гипоксия мен дене жүктемесіне бейім- делуі дамиды. Шынығу нәтижесінде жылуды реттеу жетіліп қана қоймай, сонымен бірге ағзаның түрлі ұлпаларының морфологиялык кұ- рылымында жэне физикалық-химиялық касиеттерінде біркатар өзгерістер байқалады. Қайталама температуралы тітіркену- лер эпидермистің калыңдауын, терідегі су мөлшерінің азаюын, биологиялық каллоидтердің тығыздалуын жэне т.б. тудырады. Осылайша, ағзаның сырткы ортаның жағымсыз метеорологиялык факторларына тұрақтылығы артады. Қуат процестерінің жылдамдауы май мен көмірсулары- ның алмасуларына ықпал етеді жэне атеросклероздың, гиперто- ниялык аурулардың, диабет пен семірудің алдын алуда жағымды рөл аткарады. Шынығу кезінде иммундық тетіктері күрт жылдамдайды. Орталық жүйке жүйесі мен оның қыртыс асты кұрылымдары (гипоталамус) арқылы гипофиздің - барлық эндокриндік бездердің әсерін бақылайтын эндокриндік бездің кызметтік мүмкіншілігін арттырады. Шынығу процестері кезіндегі иммунитеты жоғары- латуда гипофиздің тимус (жемсау) безге жэне бүйрекүсті безіне әсері ерекше маңызға ие. Осы безге негізгі иммундык тетіктердің - лимфоциттер пен антиденелердің қызмет етуі тәуелді, нәти- жесінде ағзаның бактериялар мен вирустар тудыратын түрлі жұқпаларға тұрактылығы артады, бөгде катерлі қауіпті жасу- шалардың пайда болуын бакылау жаксартады, оларды жояды, осымен онкологиялық аурулардың дамуына бөгет жасалады. Бүйрекүсті безінің кызмет етуі гормоны - кортизон түзі- луінің артуымен катар жүреді. Бүл иммундык тетіктердің эсерін күшейтеді, аллергиялык реакциялар мен аурулардың болу мүм- кіндігін азайтады, ағзаның стрестік әсерлерге, атап айтканда, шектен тыс дене жүктемесі, климаттык факторлар, психикалық тітіркендіргіштер, шамадан тыс жүйке-эмоциялык күштенулер секілді эсерлерге бейімделу қабілеті артады. Осылайша, суықпен шыныктыру денсаулыкты нығайтады, ой еңбегі және дене жүмыс кабілеттілігі жоғарылайды, оған коса

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==