ның қорғаныс реакциясы. Дегенмен ұзак уакыттык бұлшык ет жұмысы барысындағы шаршау гормондық өзгерулерде түрліше көрінуі мүмкін. Біркелкі қуатпен жұмыс істеу кезінде бүйрекүс- ті безі кызметі кейде жұмысты жалғастыру біршама ерік-жігерді талап ететін жағдайда ғана активтенеді. Бұлшық ет жұмысы бірқатар баска да ішкі секреция без- дердің күшейтілген белсенділігімен катар жүреді. Қанда глю- когеннің, соматотропиннің, альдостеронның, вазопрессиннің, тестостеронның мөлшері артады. Егер баска өзгерістерді тиісті гормондар секрециясының күшеюінің нэтижесі ретінде қарасты- руға болатын болса, онда тестостерон мөлшерінің артуы бұлшык ет жүмысында оның каннан жою жылдамдығы азаяды. Альдос- теронды өндіру тердің көптеп бөлінуімен катар жүретін ұзак уакыттық жаттығулар кезінде артады. Мысалы, жүзушілерде суда жылу беру үшін жаксы мүмкіндіктер бар, сондықтан тер бөліну кажеттілігі шамалы, альдостеронның экскрециясы каркынды жаттығулар кезінде көбеймейді. Бүлшык ет жүмысын орындау кезінде кандағы қалканша бездің тиреоидтық гормондарының мөлшері жаттықпаған адамдарда тыныштық күйде байқалатын көрсеткіштерге жетеді. Алмасу процестерінің жоғары үнемді- лігімен ерекшеленетін жаттыккан ағзаға ғана тыныштық күйде калқанша безінің белсенділігінің төмендеуі тэн екені айқын. Қандағы инсулин мөлшері үзак уакыттык дене жүмысы ке- зінде төмендейді жэне оның секрециясының азаюының ғана емес, сонымен бірге ыдырауының күшеюінің нәтижесі. Қанда адреналиннің, норадреналиннің, глюкоген мен сома- тотропин мөлшерінің өсуі ағзаның куат корларын жүмылдыру үшін аса маңызды. Дене жаттығуларымен айналысу қуат шығыны мен зат алма- судың күшеюі есебінен жылу реттеуде кайта кұруды тудырады. Мысалы, ауыр бүлшық ет жүмысы кезінде оттегін түтыну мен қуат шығыны тыныштық күймен салыстырғанда бірнеше есе артады. Салыстырмалы жеңіл дене жұмысы кезіндегі зат алмасу негізінен каңка бүлшык еттеріндегі, сондай-ақ жүрек пен мидагы куат шығындарының көбеюі есебінен жоғарылайды. Аса ауыр
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==