Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

- ауыз қуысының гигиенасы бойынша санитарлык ағарту- шылыққа; - тиімді тамақтануға, толыққанды тағамдык рацион мен оның құрылымына; - салауатты өмір салтына, қауіп факторларына; - дәрігерлердің ауыз куысын жүйелі тексерулеріне, стомато- лог-дэрігерге тұрақты қаралуға ерекше көңіл бөлінеді. Тісті мұқият күтіп, оларды таңертең жэне кешке тазалау, тамақтан кейін ауызды шаю, қызылиекке укалау жасау кажет (пародонтоздың алдын алу үшін). Жылына кем дегенде 2-3 рет (ал балаларға одан да жиі), тіптен тісжегі мен ауырсынулар болмаса да, стоматолог-дәрігерге көріну қажет. Ауыз куысының едәуір жиі кездесетін аурулары тісжегі мен пародонтит болып табылады. Тісжегі - тістің қатты үлпалары жі- біп, бүзылатын, кеңінен тараған ауру. Тістерде тісжегінің пайда болуына алып келетін себептер дүрыс тамақтанбау (кантты көп мөлшерде түтыну, дэрумендердің, кальций мен фосфордың же- тіспеуі, тамақ рационда балғын көкөністер мен жемістердің болмауы жэне т.б.) болып табылады. Сонымен бірге тіске ду- рыс күтім жасамау да осы аурулардың дамуына себеп болады. Мысалы, жатыр ішіндегі 6-8-інші аптадан бастап сәбиде тіс- тердің түзілуі басталады, кейін балада тісжегінің дамуына дұрыс тамақтанбау мен анасының жүктілік кезіндегі аурулары теріс әсерін тигізеді. Ауыз судағы фтордың жетіспеуі тістің ауруға шалдығуын тудырады. Жаңа туған сәбилерді емшек сүтімен тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда, арнайы нэрлі қоспалар тағайындау қажет. Пародонтит - тісті қаптап түрған үлпалардың (пародонт) созылмалы ауруы. Пародонтит көбіне тамак рацио- нында балғын көкөністер мен жемістер (С жэне РР дәрумен- дері) жетіспегенде байқалады. Аурудың пайда болуында тіс маңындағы үлпалардың қабынуы, пародонта қан тамырлары мен жүйкелеріндегі ауытқулар, бүзылған тістерді жүлып тастағаннан кейінгі калган тістермен шайнау кезінде артык күш салу, сондай- ақ тістердің үстіндегі тіс-тастың жиналуы ерекше рөл атқарады. Гигиеналық іс-шаралар: тісті тұрақты жэне мұқият тазалау, қы-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==