Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

культураларын жаккан кезде 10 минуттан кейін бактериялар саны 85 %-ға азаятыны дәлелденген. Әсіресе тырнактың астынан бактериялар көп табылады (кол терісіндегі микроағзалардың шашамен 95 %-ы), сондыктан қолға жүйелі түрде күтім жасау маңызды. Қолдың тазалығы коғамдык тамактандыру орында- рында жүмыс істейтін қызметкерлерде мұкият сақталу керек. Осындай ұстанымды тұрғандардың өз үйлерінде де тамақ да- йындау кезінде орындалуы міндетті (дизентерияны, мысалы, лас қолдардың ауруы деп бекер атамайды). Теріні тазалауға арналған негізгі кұралдар - сабын мен су. Әрбір адам өз терісінің ерекшеліктерін білуі (құрғақ, майлы, қалыпты тері) жэне осы ерекшеліктерін теріні күту кезінде ес- керуі тиіс. Егер тұрғын үйде сумен жабдықтау мен душ қон- дырғылары болмаса, дененің ашык жерлерін, колтық асты, шап түстарын, омырау безінің астындағы теріні сабынмен жылы сумен жуу қажет, бүл ретте кірленген іш киім ауыстырылуы тиіс. Аптасына кем дегенде бір рет ваннада немесе моншада жуыну кажет. Аяқты түнге карай сабынмен жуады, әсіресе жазда күнде- лікті жуу керек. Шашты жүмсак сумен жуған дүрыс. Майлы немесе кұрғак шаштар арнайы күтімді кажет етеді. Шаш басты зиянды сыртқы эсерлерден қорғайды. Бір шаштың орташа өмір сүру үзақтығы - 2-ден 4 жылға дейін. Олар біртіндеп жаңарып отырады, сондықтан күнделікті 30-120 шаш түсетін болса, қалыпты деп санау керек. Жаңа шаш тэулігіне 0,4 мм жылдамдыкпен өседі. Шаштың өсуіне гигиеналық күтім эсер етеді. Бас терісінің шашты бөлігін апта са- йын сапалы сабынсумен жуу жэне шаш-кондиционермен шаю керек. Егер қайызғақ болса, онда басты арнайы емдік сабынсумен жуады. Шаштың уақытынан бұрын жэне көп мөлшерде түсуіне дүрыс күтім жасамау жэне түрлі аурулар - невроз, ішкі секреция бездерінің ауруы, кан аздық, темекі тарту, алкоголь эсер етеді. Ауыз цуысын күту. Тісті сақтау ағзаның ішкі мүшелерінің көптеген ауруларының алдын алуға көмектеседі. Дүниежүзілік денсаулык сактау үйымының ұсынымдарында (ДЦ¥) алдын алу бағдарламасы ұсынылған, онда:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==