т а р а у ЖЕКЕ БАСТЫҢ ГИГИЕНАСЫ Жеке бастыц гигиенасы - адам денсаулығын сак- тау мен нығайтуға арналған гигиеналық ережелердің жиынтығы. Жеке бастың гигиенасы барлык жастағы адамдар үшін бірдей жалпы гигиеналык ережелерді камтиды: ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру, еңбек пен белсенді демалысты алмастыру, дене шынықтыру жэне спортпен шұғылдану, тұракты кұнарлы тамактану, толыкканды ұйкы жэне т.б. Жеке бастың гигиенасына дене, іш киім, киім, үй, сондай-ак тамак дайындауда тазалықты сактау кіреді. Бірінші кезектегі шара дене тазалығын сактау болып табылады. Бір апта ішінде май бездері адамның терісінің бетіне 100-ден 300 г-ға дейін тері майын, ал тер бездері 3,5-ден 7 л-ге дейін тер бөлетіндігі есептелінген. Ыдыраған тер мен тері майында шаң-тозаң, микроағзалар жинақталып ірің- ді және баска да аурулардың пайда болуына себеп болады. Сондықтан жүйелі түрде сабынмен жуыну кажет. Әсіресе дененің ашык тұрған жерлері тез ласта- нады. Қолдын таза жуылған терісіне бактериялардың
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==