ліксіз болады жэне екінші жаттығу қалпына келмеушілік жағда- йында өтеді, бұл денені шамадан тыс күштенуге алып келуі мүм- кін. Әсіресе калпына келу үрдісі баяулаған, ал ағзаның дене жүк- темелерін арттыруға бейімделу мүмкіндіктері төмендеген, егде жастағы адамдар үшін кауіпті. Өз бетімен сауықтыру дамытушы жаттығуларды түрлі кыз- меттік бағыттағы дене жаттығуларын (аэробтық жэне анаэроб- тык түрлері) үйлестіре отырып, күніне бір рет орындаған тиімді, себебі олардың эрқайсысы екіншісінің эсерін күшейтеді жэне ағзадағы қалпына келтіру процестерінің едэуір тиімді жүруіне ықпал ете отырып, белсенді демалыс кұралы бола алады. Егер бір күн ішінде екі дамытушы сауықтыру дене жатты- ғуы орындалатын болса, онда олардың түрлі қызметтік бағытгы- лықта болғаны дүрыс, мысалы, біріншісі басымдықты аэробтык, ал екіншісі күштік, анаэробтық болған дұрыс. Сабақтың ағза күйін қалпына келтірушілік түрлері (дене шы- нықтыру үзілістері, дене шыныктыру минуттары) күніне (жүмыс күндері) бірнеше рет тұрақты орындалады, әдетте екі немесе төрт рет; дайындық түрлері (таңғы дене шыныктыру, сабактар мен жұ- мыс басталар алдындағы жаттығулар) күніне бір рет жасалынады. Апта ішіндегі сабактың дамытушы түрлерінің жалпы көле- мі 90-600 минутты қүрайды жэне қалпына келтіруші-дайындық түрлері - 355-760 минут. Осылайша, сауықтыру дене жатты- ғуларымен шүғылдануда орындалатын дене жүктемелерінің колем! адам ағазының жастық-жыныстық қызметтік мүмкіндік- теріне, денсаулық күйіне, кэсіби кызметтің ерекшеліктеріне жэне шүғылданушының жеке сұраныстарына, кажеттіліктері мен мүм- кіндіктеріне байланысты болады. Бакылау сұрактары мен тапсырмалары 1. Сауыктыру дене жаттығуларымен шүғылдануды гигиеналык камта- масыз ету калай болатынын айтып беріңіз (жүктемелердін кұрылымы, мазмүны, нормалануы). 2. Сауыктыру дене жаттығулары кезінде аэробтык жаттыіу калай нормаланады? 3. Туристік жаяу жүргіншілер жэне шанғьімен жорыктар жасау кезіндегі жүктемелер калай нормаланады?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==