Дегенмен мұнда апталык жаттығу айналымына койылатын екінші гигиеналық талап - жаттығу сабақтарының арасындағы уақыт аралықтары шамамен бірдей болуы сақталуы тиіс. Апта- сына екі реттен шұғылдану кезінде олардың арасындағы аралык 96 сағаттан (төрт тэуліктен) аспауы қажет, екінші аралык - 72 сағат. Егер бір аралык 96 сағаттан көп болса, онда алдыңғы шұғылданудан алынған жаттығу әсері келесіге дейін төмендейді. Аптасына үш рет жаттыккан кезінде олардың екеуі 48 сағаттан асатын аралықпен жэне біреуі 72 сағаттан кейін жүргізілуі тиіс; төрт реттік дайындалу кезінде - 48 сағаттан үш аралык жэне бі- реуі - 24 сағат. Жаттығу айналымын осылайша кезеңге бөлудің гигиеналық мэні ағзаның физиологиялық қызметтерінің белгілі бір биоырғақтың қалыптасуынан, шаршау мен калпына келу про- цестерін алмастырудан түрады. Үшінші гигиеналык талап - күннің нақты бір ғана уакы- тында дамытушы жаттығу сабақтарын өткізу, ол ағзаның физи- ологиялық қызметтерінің белгілі бір биоырғақтың қалыптасу максаттылығына негізделген. Негізгі дене жүктемесін орындау кезінде күннің белгілі бір уақытында түрақты «уақытқа» шарт- ты рефлекс қалыптасады, ағзаның дайындык физиологиялық кұбылыстары дағдылы жол бойынша (ағза «жүктемені» орындау- ына дайындалады) үйлесімді түрде өтеді; түскен жүктеменің өзін ағза онтайлы қабылдайды жэне оны токтатқаннан кейін қалпына келу процестері жүреді. Жаттығу сабақтары таңертең немесе жұмыстан, не окудан кейін күннің екінші жартысында орындалады. Бүл шұғылдану- шының тілектері мен өмірдің нақты жағдайларына байланыс- ты. «Денсаулық тобындағы» үжымдық сабақтар, эдетте, күннің екінші жартысында, өз бетімен жеке жаттығулар таңертең немесе кешке, не болмаса жұмыс пен оқудан кейін шүғылданушының күн тэртібі мен еркіне байланысты өткізілінеді. Егер өз бетімен шұғылдану мен ұжымдық дамытушы жатты- ғу сабақтарын үйлестіретін болса, онда ұжымдык сабак өткізу күні өз бетімен жаттығуды өткізбеген дүрыс. Бұл калпына келу үрдісі үшін аралық (екі сабақтың арасында бірнеше сағат) жеткі-
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==