Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Көп күндік жорыктар кезіндегі дене жүктемесі сапардың үл- кен көлемдегі жэне каркынды жүктемелі күндері 1-2 күннен кейін орташа немесе шағын жүктемелі жорык күндерімен алмасатын етіп реттелінеді. Көп күндік жорық кезіндегі жүктеме жүру жылдамдығының, аялдамалардың жиілігі мен үзактығының өзгеруі, алып жүре- тін жүктің туристер арасында кайта бөлінуі есебінен реттелінуі мүмкін. Бір катысушы алып жүретін жүктің салмағы 25 кг-нан аспағаны лазым. Туристердің қызметтік күйін субъективтік сезі- нулері аркылы, ЖСЖ, шаршаудың сыртқы белгілерінің болуы немесе болмауы бойынша бакыланады. Туризм катысушылардың ұзак уакыт таза ауада болуына байланысты болғандықтан, ол біршама шынықтыру әсерін де береді. Бүған ауа райына сәйкес келетін қатысушылардың киім- ді дүрыс таңдауы ыкпал етеді; козғалыс кезінді ауа ваннасын кабылдау (белге дейін, шолак шалбармен), су процедуралары (ыскылаулар, душ, шомылу). Ауа ваннасын кабылдау ұзакты- ғы ауаның температурасымен жэне салыстырмалы ылғалдылы- ғымен, желдің жылдамдығымен, туристің шынығу дәрежесіне карай анықталады. Жорыкта шынығудың жалпы гигиеналык талаптарын сақтау қажет: процедураның біртіндеп орындалуы және реттілігі. Тіп- ті салкын ауа райында да ішінара ауа ванналарын кабылдауға болады, ол кезде дененің аз бөліктері - білек, жіліншік жа- лаңаштанады. Жорыктағы ауа ванналарын козғалыс кезінде киінбеу үшін демалудан демалуға дейін қабылдау кажет (желдің салкындатушы әсерін де ескеру кажет). Туризмді гигиеналық қамтамасыз ету: 1. Жорыкка туристік аяк киімді мұкият дайындау (кедылар, кроссовкалар, арнайы бэтіңкелер). Аяк киім турист үшін үйрен- шікті (жеткілікті киілген), ыңгайлы, табаны немесе үлтарағы калың болуы тиіс. 2. Таза жүн немесе макта мата шүлыктарды ғана пайдалану. 3. Су ішу тэртібін катаң сактау. Өзендерден, көлшіктерден, кұдыктардан ішу үшін жэне тамак дайындау үшін алынған су

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==