Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

ның пайда болу қаупін азайтады. Еркін бұлшық ет жиырулары ағза ұлпаларынан зат алмасу өнімдерін шығаруға ыкпал етеді, алмасу процестерін ынталандырады, зат алмасудың бұзылуы мен қан тамырлары ауруларының алдын алуға катыса отырып, кан тамырларға массаждык эсер етеді. Демалыс күннің туризмі. Жүктеменің қарқындылыгы мен кө- леміне байланысты ол спорттык максаттарды - түрлі дене сапала- рын дамыту құралы ретінде жэне сауықтыру міндеттерін көздеуі мүмкін, белсенді демалыс барысындағы сауықтыру дене шынык- тыру құралы ретінде пайдалануға болады. Қозғалу әдісіне карай туризм жаяу жүргінші, су, велосипед- тік, ат, шаңғы туризміне бөлінеді. Спорттык туризм үшін үлкен дене жүктемелерін қажет ететін күрделі жолдар колданылады. Демалыс күннің жаппай туризмі - негізінен жаяу жүргіншілік туризм. Мүнда дене жүктемесі келесі көрсеткіштер бойынша: күндер саны бойынша (көбінесе 1-2-күндік колданылады); бір күнде жүріп өтетін кашықтык бойынша; жүктеме көлемі жэне оның карқындылығы бойынша - козғалыс жылдамдығы бойынша (козғалыстың орташа жылдамдығы, көштің жылдамдығы, демалыс аралықтарының ұзактығы); алып жүретін жүк массасы бойынша реттеледі (51-кесте). 11-12 жастағы оқушылар үшін гигиеналык тиімді кашыктык болып 3 км/с козғалыс жылдамдықпен шамамен 12 км (баруға жэне кері кайтуға 6 км-ден) бір күндік жорык кашықтығы саналады; үздіксіз қозғалу ұзактығы 15 минут аралыкпен 45 минут; алып жүретін жүктің салмағы - 3 кг. Маршруттың соңғы бекетінде жорықтан оралардың алдында міндетті түрде тамактана отырып, 45-60 минутка демалу үйымдастырылады. Накты ауа райы жағда- йына және маршруттың ерекшелігіне карай (рельеф, жергілікті жердің сипаты жэне т.б.) демалу біршама ұзак болуы мүмкін. 51-кестеден көретініміздей, окушылардың жасы өскен са- йын сапар ұзактығы мен козғалыс жылдамдығы (24 км және 4,5 км/с), алып жүретін жүктің салмағы (бозбалаларда көптеу жэне бойжеткендерде аздау), үздіксіз қозғалу уакыты (50 минутқа дейін), кыска аралықтардың ұзақтығы азаяды. Сапар барысында

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==