Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Сауықтыру дене жаттығуларының кең тараған түрі балабақ- шадағы, мектептегі, жоғары оқу орындарындағы дене шынықты- ру сабағы, денсаулык тобындағы, спорттық үйірмедегі жаттығу, өз бетімен жаттығу, таңғы жаттығу, жұмыс басталардың алдындағы жаттығулар, дене шыныктыру үзілістері, дене шыныктыру ми- нуттары, туристік жорыктар, серуендер, қозғалушы ойындар бо- лып табылады. Негізгі гигиеналык міндеттерге байланысты сауыктыру дене жаттығуларының барлық түрін үш топқа бөлуге болады: - дамытушы (дене тәрбие сабағы, денсаулык тобындағы жаттығу, өз бетімен жаттығу); - дайындық-ынталандырушы (таңғы жаттығу, күндізгі ұй- қыдан кейінгі жаттығу, жүмыс басталардың алдындағы жатты- ғулар); - калпына келтіруші (белсенді демалыс - серуендер, тури- стік спорттық нормативтерден төмен кыска кашыктыкка туристік жорыктар, козғалушы ойындар, дене шыныктыру үзілістері жэне дене шынықтыру минуттары). Сауъщтыру дене жаттыгуларының дамытушы түлеріне жүктеменің құрылымына, мазмүны мен мөлшеріне қойылатын гигиеналыц талаптар. Сауыктыру дене жаттығуларымен айналы- судың дамытушы түрлеріне мектептегі дене тәрбие сабағы, балабакшадағы, жоғары оқу орындарындағы дене шыныктыру сабактары, денсаулык тобындағы жаттығу, өз бетімен жатты- ғу жатады. Мүнда бір гигиеналык міндет жастық жэне жыныс- тык нормативтер деңгейінде козғалыс сапаларының даму жэне тұракталуы шешіледі. Сондықтан олардың кұрылымына, мазмү- нына жэне жүктемелерді нормалауға қойылатын гигиеналык талаптар негізінен бірдей. Әрбір сабакта жастық жэне жыныстык нормативтер деңгейінде негізгі қозғалыс сапалардың даму жэне тұракталуы камтамасыз ететін жинақталған жаттығу әсерін дамыту үшін жеткілікті жедел жэне қалып койған жаттығу әсер- леріне кол жеткізілуі мүмкін; эрбір сабактағы дене жүктемесінің қүрылымы, мазмүны, көлемі мен каркындылығы жаттығумен айналысушының денсаулығына дене жаттығуларының мүмкін болатын теріс әсерін болдырмауы кажет.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==