Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Спорттык жетістіктер көбіне дұрыс калыптастырылған тэр- тіпті орындауға байланысты. Оның басты шарттарының бірі - тэулік ішіндегі белгілі бір әрекеттердің тұрактылығы (жұмыс, ұйкы және т.б.). Уақыттың белгілі бір тэртібінің мэні динамикалык сте- реотипті бекітудегі оның рөлімен түсіндіріледі, соның негізін- де адамның козғалыс кызметі калыптасады. Ағзаның коршаған ортамен өзара байланысы, оған бейімделуі осылай жүзеге асады, нәтижесінде ағзаның ішкі процестері мен коршаған орта арасындағы катынастың белгілі бір деңгейі белгіленеді. Тэртіпті сактау, белгілі бір уакытта белгілі бір кызмет түрлерін орындау орталык жүйке жүйесіндегі козу мен тежелу үрдістерінің катаң алмасуының белгіленуімен негізделеді: ағза кызметіндегі жұмыс ырғағының белгілі тұрактылығы. Бүл жалпы жүмыс кабілеттілігі үшін маңызды: ағзаның түрлі жүйелерінің белгілі бір уакытта жұ- мыс істеуге бейімделуі, күшті үнемдеуі жэне т.б. Барлығына, оның ішінде спортшылар үшін бірдей тэртіп болуы мүмкін емес, себебі ол жаска, спорттык мамандануына, денсаулық күйіне жэне т.б. байланысты. Алайда барлык жағдайда мүмкіндігіне карай күннің тұракты тэртібі сақталу кажет. Жүмыс күні таңғы гигиеналык гимнастикадан басталуы тиіс, ал эрі карай су процедураларымен жалғасады. Осыған жэне денені күту күнделікті таңғы іс-шараларга әдетте шамамен 30-40 минут кетеді. Спорттык жиындарда тамактану үшін кем дегенде жарты сағат бөлінуі керек, ал эрбір тамактанудан кейін демалу кажет. Серуендеу мен мэдени іс-шараларға 2-3 сағат бөлу үсынылады, ал үйкыға кем дегенде 8 сағат бөлу қажет. Жеке бас гигиенасының барлық ережелері сакталуы керек. Спорттык жиын жағдайындағы жаттығуларды сағат 10-нан 14-ке дейін жэне 18-ден 21 -ге дейінгі уакытта жүргізген, оларды ұйкыға дейін кем дегенде 2-3 сағат бүрын аяктаған тиімді. Спорттык жаттығулардың тиімділігі күндіз анық көрінеді, өйткені физиологиялык үрдістер барынша белсенділігін осы уакытта байкатады жэне кешкі акшам уакытында кайтадан тө- мендейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==