Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Қарқынды бүлшык ет жүктемелерінен кейін аса нақтылыкты қажет ететін қозғалыстармен байланысты жаттығуларды орында- маған дұрыс. Бір жаттығу сабағында жылдамдық пен төзімді- лікке арналған жаттығуларды біріктірген кезде негізінен бірін- шісі екіншісінен ерте орындалу керек. Спортшы жаттығуларды толығымен орындауына кіріскен соң техникалык киын жатты- ғуларды орындаған дұрыс. Оларды жаттығудың соңына жос- парлаған да дұрыс емес, себебі бұл уакытта орындалған жұ- мыстан спортшының ағзасында шаршау үрдісінің жинакталуы басталады. Дене жаттығуларын жасау кезінде тыныс алуға арнайы назар аудару қажет. Дұрыс тыныс алу жүрек-кан тамырлары жүйесінің кызметін жақсартады жэне әдетте каркынды бүлшық ет жұмы- сы кезінде байқалатын оттегі қарызын жылдам жоюға ықпал ете- ді. Тыныс алу терең жэне ырғакты болуы керек. Егер тыныс алу ырғағы козғалыс ырғағымен сэйкес келетін болса, жақсы, алайда бүл әркашан да бола бермейді. Сондай-ақ дем алған кезде кеу- де қуысының кеңеюіне едэуір колайлы анатомиялык жағдайлар жасалатын козғалыстарға немесе дене жағдайымен сәйкес келуіне үмтылу қажет, мысалы, аяқты жазып жэне колды созып денені түзу үстау. Демді шығару үшін бүл кеуде куысының тарылуына ықпал етін қалыптар мен козғалыстар болмак: денемен еңкею, қолдарды түсіру жэне т.б. Тыныс алу аппаратын дамыту жэне дұрыс тыныс алуды қалыптастыру үшін, көбіне калпына келу процестерін жылдамдату мен жүрек-кан тамырлары жүйесінің қызметін қалыптандыру үшін эрбір жаттығу сабағының соңында арнайы тыныс алу жаттығуларын жасау ұсынылып, орындалады. Жаттығулар барысында спортшылар әдетте мұрын немесе ауыз арқылы демді ала отырып, аралас тыныс алады. Қысқы уақытта мүрын қуысы аркылы тыныс алатын ауа біршама жы- лиды, бүл бронхит пен баспа (ангина) дамуының алдын алады. Ауыз аркылы ауаны тартқан кезде мүндай мүмкіндік болмайды, сондыктан жоғары тыныс алу жолдарының суық тию аурулары- ның алдын алу үшін ерте жастан суык ауаға тыныс алудың жүйе- лік шаралары аркылы шынығу кажет.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==