Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Бұл бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы мен жыртылуыныц алдын алады, әсіресе суық күндері жаттығулар жүргізген кезде осы жағдай аса маңызды. Әрбір жагтығу сабағы қарапайым жэне жеңіл жаттығулардан басталып, солармен аяқталуы тиіс. Орындау техникасы мен жук- теме бойынша едәуір қиын жаттығулар өндіру кезеңінен кейін сабақтың ортасында жүргізіледі. Сондықган сабақты әдетте да- йындық, негізгі жэне қорытынды бөлімдерге бөледі, олардың үзақтығы спорт жаттығуының кезеңіне, жаттығу сипатына жэне сабақтың максатына байланысты болады. Дайындық кезеңінде сабақтың бірінші бөлігі, жарыс кезеңінде екінші, негізгі бөлігі көбейтіледі. Жаттығу сабағының жекелеген бөліктерінің ұзақты- ғын жэне дене жүктемесінің мөлшерін белгілеу кезінде айналы- сушының жасы, денсаулықтың күйі мен спорттық біліктілігі ес- керілуі тиіс. Жаттығудың ағзаға ықпал ету деңгейі көп жағдайда сабақтың тығыздығына байланысты. Жүмыска біртіндеп тарту үшін жаттығудың дайындық кезеңінің басында сабақтың ты- ғыздығы жоғары болмауы керек, содан кейін біртіндеп көбеюі жэне жарыс кезеңінің соңында ең жоғарғы мөлшерге жетуі тиіс. Сонымен бірге жаттығулар мен қозғалыстардың қаркы- ны мен ырғағы маңызды. Жылдам карқында жаттығу жүргізген кезде шаршау, әсіресе аз жаттықтырылған спортшыларда тез пайда болады. Жаттығушылыктың кажетті деңгейіне жеткенде қозғалыстар автоматты түрде болады жэне жүмыс аз жүктеме- мен жетіле түседі. Жаттығу сабағын дұрыс қүрастырудың маңызды гигиеналық шарты - жаттығуларды демалумен алмастыру. Жаңадан келу- шілермен айналысу кезінде жаттығулар арасындағы үзілістер көп болуы жэне жаттығушылықтың артуына қарай азаюы тиіс; жаттығушылыктың қажетті деңгейіне жеткен кезде ұзак үзіліс- тер негізсіз. Жаттығуда салыстырмалы демалыс деп жеңіл жатты- ғуларды қиындау жаттығулармен алмастыру, босаңсуға арналған жаттығуларды, бұлшық еттің түрлі топтары үзіліспен қосылатын жаттығуларды қолдану жэне т.б. саналады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==