Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Әйелдерде дене пропорциясы біршама өзгеше. Бұл анатомо-фи- зиологиялык ерекшеліктер эйелдердің козғалыс жұмыс кабілет- тілігін шектейді, мұны спорт түрін жэне дене жүктемесінің көле- мін қарастыру кезінде ескеру кажет. Әйел ағзасының биологиялык ерекшеліктері дененің кенет- тен шайкалуымен байланысты жаттыгуларды шектеу кажетті- гін негіздейді (жыныс жүйесіне мүмкін болатын зиянды әсері). Қүрсак пресі, жамбас куысының бүлшык еттерін нығайтушы жэне кіші жамбас мүшелерінің кан айналымын күшейтетін гим- настикалык жаттығулар кеңінен колданылады. Әйелдерде жаттығулардың жалпы жүктемесі ерлерге Караганда орта есеппен томен болуы керек. Спорттын эр түрле- рінде ол орта есеппен алғанда ерлер орындайтын жүктеменің 30-50 %-ын кұрайды. Үлкен жаттығу жүктемелерінен кейін эйел- дер ағзасы ерлерге Караганда ұзак уақыт демалысты кажет етеді. Әйелдер мен ерлердің жаттығуларын бөлек өткізген дұрыс. Бір- лесіп жаттыккан кезде эйелдер үшін жекелеген оку жоспары көз- делуі тиіс. Жаттығуларды гигиеналык нормалау Жаттығудың кез келген кезеңіндегі эрбір сабактың жоспарын аталған гигиеналык кағидалардың негізінде жасау қажет. Жатты- ғу артык күштену, асыра шаршау мен жаракаттар болмайтындай етіп жасалуы керек. Жаттығу сабактарының алдында дене кыздыру міндет- ті түрде орындалу керек - ағзаны алдағы болатын жүмыска да- йындайтын дене жаттығуларының кешені. Оның негізінде түрлі физиологиялык жүйелердің: жүйке, жүрек-кан тамырлары, ты- ныс алу жэне бұлшык ет-байлама аппаратының кызметтерін кү- шейту жатыр. Дене кыздырудын маңызды міндеті - максималды бүлшық ет қызметі орындалу кезінде тыныс алу, кан айналымы мен қозгалыс қызметтерін жэне өзара үйлесімділігін ретке кел- тіру. Бұлшык еттің жоғары температурасында бұлшык еттің түткырлыгы азаяды жэне олар үлкен жылдамдыкпен жиырыла алады. Сондай-ақ байламалар мен буындар да «кыздырылады».

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==