бағытта болады, бұл ұзак уакыттык бір бағыттағы жаттығу кезін- дегі асыра шаршаудың алдын алуға ыкпал етеді. Дайындық кезеңінде мезоайналымдарды қалыптастыру қағидасы орташа және үлкен қуаттылык аймағында жұмыстың үлкен көлемін қолдана отырып, аэробтық қызметті (жалпы төзім- ділікті) жаттыктыруға бағытталған бірінші мен екінші кезеңнен тұрады, ал келесі мезоайналымда жүктеме қарқындылығы ар- тады, анаэробтык, анаэробтық-аэробтык жаттығуға (куаттың субмаксималды жэне максималды аймактарында) ерекше назар аударылады, арнайы төзімділік жетілдіріледі. Жарыс кезеңінде спортшы кем дегенде 4 апта бойы спорт- тык қалып сактауы тиіс. Бұл кезеңді үзартуға деген талпыныстар шамадан тыс асыра күштену каупімен сипатталынады. Егер жарысу кезеңі бірнеше айға созылатын болса (футбол, хоккей), алтыапталық айналымдар арасында 2-3 аптаның ішінде қалпына келтіру кезеңі кажет. Құраманың мүддесіне карай оны барлы- ғына бірдей емес, аса жауапты жарыстардың уакытына қарай құраманың негізгі ойыншыларының спорттык калпын келтіруді ескере отырып, эрбір спортшы үшін кезек-кезек жоспарлаған дү- рыс. Жаттығуларды жоспарлауға жэне спортшылардың дене жүк- темелерін мөлшерлеуге қойылатын жетекші гигиеналык талап - спортшылардың жастык жэне жыныстық қызметтік ерекшелікте- рі мен мүмкіндіктерін ескеру. Жас. Жас ерекшеліктерін ескеру бірінші кезектегі гигиеналық маңызға ие. Әрбір жаска спорттық мамандануды таңдау жэне рұксат етілген дене жүктемелерімен түсіндірілетін белгілі бір қызметтік ерекшеліктер мен мүмкіндіктер тэн. Накты жас үшін аса маңызды сауыктыру нэтижелерін алу мүмкіндігін қарастыру кажет. Әсіресе жас спортшыларға мұкият көңіл бөлу керек. Жынысы. Әйелдердегі дене дамуы мен қызметтік мүмкіндік- тердің көптеген көрсеткіштері ерлерге Караганда негізінен төмен (бой, дене салмағы, кеуде қуысының ауқымы, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, бүлшык еттер салмағы, бұлшык ет күші, дене жүктемелері орындаған кезіндегі жылдамдык пен төзімділік).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==