Жаттығудың негізгі бөліміндегі жүктемелердің мазмұны мен нормалануына койылатын жалпы гигиеналык талап толығымен агзаның, сонымен бірге оның жеке жүйелері мен мүшелерінің асыра шаршауын болдырмауы (аймақтық асыра шаршау) тиіс. Спортшыға жаттығу әсерінің мөлшері бойынша (кері физи- ологиялық реакциялардың көрінуі бойынша) жаттығудың үш тү- рін ажыратады: - калпына келтіру эсерін беретін шағын жүктемесі бар жат- тығулар; - ұстап түрушы эсер беретін орташа жүктемесі бар жатты- ғулар; - дамытушы эсер беретін үлкен жүктемесі бар жаттығулар. Жүктемелердің абсолюттік мөлшерлері спорттың түріне, спортшының біліктілігі мен ағзаның күйіне байланысты болады. Спортшының жүктемені көтерудің белгілері: сезінулері, шар- шаудың сыртқы белгілері, арнайы тестердің көрсеткіштері болып табылады. Жаттығуды жоспарлау кезінде сондай-ак спортшының асыра шаршауының алдын алуга жэне осылайша оған аса жоғары жаттығу жүктемелерін қолжетімді етуге, шамадан тыс күште- ну мен жаракатгардың қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін қалпына келтіру іс-шараларын да карастыру қажет. Жаттыгу айнапымындагы жүктемелердіц цүрылымына, мазмүны мен нормалануына қойылатын гигиеналык, талаптар. Микро-, мезо- жэне макроайналымдар кұрылымы, жүктемелерді нормалау спортта шешілетін міндеттерге, күнтізбеге жэне жарыс өткізу орнына сәйкес жоспарланады. Жаттығу айналымын гигиеналык қамтамасыз етудің мін- деті - негізгі міндетті орындауды киындатпай, спортшылардың денсаулығын сактау мен нығайтуда барынша жоғары табыстарға қол жеткізу үшін жаттығу жэне жарысу бағдарламаларын бакылау мен қажет болған жағдайда оларды түзету. Тәулік ішіндегі жаттыгу жүктемелерінің қүрылымы. Не- гізгі жаттығу күніне бір рет, дұрысы күннің бірінші жартысында өткізілуі тиіс, бірақ кейбір жағдайларда түстен кейін немесе тіп-
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==