Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

кызметтік бейімделу өзгерістерінің, ағзаның жетекші бейімделу жүйелерінің қызметтік жағдайы өзгерістерінің арқасында адам ағзасының қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне төтеп беруші- лігі қалыптасады. Денсаулыктың маңызды бөлігі - ағзанын жетекші бейімде- лу жүйелерінің жоғары қызметтік деңгейі мен әлеуметтік эре- кет кабілеттілігі. Жеке адам денсаулық күйі алдыңғы қайтарым- ды өзгерістердің едэуір ақпараттык белгісі - ағзаның жетекші бейімделу жүйелерінің кызметтік жағдайы жэне олардың жаска карай даму сипаты. «Қызметтік күй» ұғымының бірнеше түсі- ніктері бар. Қызметтік күйі ретінде адам қызметінің тиімділігі тұрғысынан алғандағы адам мен онда әрекет ететін жүйелердің жағдайы түсініледі. Ағзаның кызметтік күйі бүзылуының бел- гілеріне: хал-жағдайының нашарлауы; жүмыс кабілеттілігі мен дене жағынан белсенділігінің төмендеуі; ұйкының сапасы (ұйқы- сыздықтың пайда болуы); тәбет; аса ашушаңдык, эмоциялык тұраксыздық; дене салмағының қалыпты мөлшерден 10 кг асуы; тыныштық күйдегі жүрек соғысы жиілігінің артуы (ЖСЖ) - 80 қағ/мин жоғары; жеңіл дене жүкгемелерін орындаған кезде тыныс тарылуының пайда болуы; дене жүктемесіз тершеңдіктің артуы; жиілеген бастың ауруы мен бас айналуы; түнгі ұйкыдан кейін шаршау сезімі жатады. Белгілі бір жағдайдағы әлеуметтік, биологиялык, экология- лык факторларының кешенді әсері адам, эсіресе балалар мен жасөспірімдер денсаулығының жаксаруына да, сонымен катар нашарлауына да алып келуі мүмкін. Осы жастың анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі көп жағдайда қарқынды өсіп келе жатқан ағзаның қоршаған ортаның жағымсыз факторлары кешеніне жоғары сезімталдығын анык- тайды. Осыған байланысты балалар мен жасөспірімдердің морфоло- гиялық жэне кызметтік дамуын тиімділендірудің, сондай-ақ қыз- меттік жағдайдың түрлі бұзылуларын жеке түзетудің қүралдары мен әдістері кажет.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==