Егер каркынды дене жүктемесін токтатканнан (мысалы, жү- гіруден) кейін адам бірден токтайтын болса, «бұлшык ет сорапы» жұмысын токтады да, жүрек-кан тамырлар жетіспеушілігі дами- тынын есте сақтау кажет. Вена каны толығымен жүректің оң жак карыншасына кайтпай, ағзаның шеткі бөлімдерінде жинатып калады. Бұл ауыр салдарға, тіпті өлімге де алып келуі мүмкін. Сонымен бірге сабактың корытынды бөлімінде каркынды жүк- темені біртіндеп төмендету баска кызметке, мысалы ойлау жұ- мысына ауысуға жағдай жасай отырып, жүйке жүйесінің қозуын біртіндеп азайтады. Сабактың корытынды бөлімінде калпына келтіру әсерлерін күшейтетін арнайы жаттығулар қолданылады, мысалы денені босаңсыту, тыныс алу жаттығулары. Сабактың корытынды бөлі- мінің ұзактығы 3-5 минутты кұрайды. Дене жүктемесінің жеткілікті екенін белгілеу үшін хронометраж әдісімен аныкталатын сабактың козғалыс (моторлық) тығыздык көрсеткіші колданылады. Сабактың қозғалыс тығыз- дығы неғұрлым көп болса, оның физиологиялык әсері соғұрлым жоғары. Мысалы, егер сабактың 45 минутының 30 минуты дене жаттығуларына бөлінсе, моторлык тығыздык (30x100): 45-ті кұрайды. 60 %-дан жоғары көрсеткіш гигиеналык жеткілікті бо- лып саналады. Кейбір балалардағы шаршаудың айкын көрінген деңгейінің белгілері шамадан тыс жүктемені білдіреді, сондыктан асыра шаршауды болдырмау үшін жаттығулар мөлшерін лезде өзгерту кажет. Бакылау сүрактары мен тапсырмалары 1. Дене тэрбие сабағына койылатын негізгі гигиеналык талаптарды атаныз. 2. Окушылардын дене тәрбиесінде дене жүктемелері калай жіктеледі? 3. Сабактың кіріспе бөлімінің гигиеналык манызы кандай? 4. Сабактын негізгі бөлімінің гигиеналык манызы кандай? 5. Сабактын корытынды бөлімінің гигиеналык манызы кандай? 6. Дене тэрбие сабагында окушылардын дене жүктемесі жеткілікті екенін калай аныкта\ га болады?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==