Денсаулыкты бағалауда екі белгі ажыратылады: - элеуметтік еңбек кабілеттілігінің, әлеуметтік белсенділік- тің, адамның әлемге деген белсенді калыптастырушы кызметтік қатынасының мөлшері ретінде; - жеке тұлғалық адамның жеке өмірінің денсаулықты сак- таушы стратегиясы, оның өзінен жэне өмірлік жағдайлардан үс- темдік деңгейі ретінде. Сонымен бірге жеке адамның денсаулыктын: - ағзаның барлык деңгейіндегі тіршілік жағдайына сэйке- сінше, тиімді реакциясы; - жалпы ағзаның, оның жеке бейімделу жүйелерінің сыртқы ортамен динамикалык тепе-теңдігі; - адамның негізгі әлеуметтік қызметтерді толыққанды орын- дау кабілеттілігі; - адам ағзасының тіршіліктін үнемі өзгеріп отыратын жағ- дайларына үйрену, бейімделу, бүкіл ішкі ортаның тұрактылы- ғын сактау (гомеостаз), калыпты жэне түрленген өмір тіршілігін қамтамасыз ету қабілеттілігі; - ағзадағы аурулардың, ауру жағдайларының не болмаса ауруға байланысты өзгерістердің болмауы, яғни ағзаның ауру белгілерінсіз немесе қандай да бір қызметтік бүзылуларсыз тиім- ді кызмет етуі; - адамның толык адамгершілікті, дене, психикальщ және әлеуметтік амандығы секілді белгілері ажыратылады. Денсаулық жағдайының маңызды көрсеткіштерінің бірі - адам ағзасының жетекші бейімделу жүйелерінің кызметтік даму деңгейі. Ресейдің ірі гигиенистерінің бірі А.Г. Сухаревтың пікі- рінше жеке денсаулық - ағзаның коршаған ортаның кұбылмалы жағдайларына тұракты, белсенді, мақсатты бейімделуінің күрде- лі көп мөлшерлік динамикалык құбылыс. Қоршаған ортаның жағымсыз факторлары жеке адамның да, сонымен бірге халықтың үлкен тобының денсаулығына да теріс ықпал етуі мүмкін. Әлеуметтік-биологиялық жағдайларға бейім- делу кажеттігіне байланысты тұракты морфологиялык жэне
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==