гі жаттығулар тиімді болмак. Мысалы, кұрсак бұлшық еттері- нін күштік сапаларын дамыту үшін аяктары бекітіліп, отырған жағдайда денені көтеріп орындалады. Жаттығудың кайталама шегі (ҚШ) - 10 рет, яғни айналысушы бұл жаттығуды 10 рет қайталайды. Аталған талаптарға сәйкес бұл жаттығу 1,0 ҚШ+0,9; ҚЦІ+0,8 нұскалары бойынша орындалады. ҚШ кезіндегі топ- тамалар арасында аралык - 30 с. Әрбір топтамада жаттығудан бас тартканға дейін орындалады, барлығы - 26-28 кайталау. Егер бүл жаттығу 0,5 ҚШ бойынша топтамада орындалатын болса (яғни бас тартқанға дейін емес), онда 26-28 қайталаудың кезінде (алты топтамадан) жаттығу әсері біршама төмен болады. Жүкте- мені кезектендіру асыра шаршауды болдырмайды, себебі баска бағыттағы жүктеме шаршауды төмендетуге ықпал етуі мүмкін (И.М. Сеченов бойынша белсенді демалыс әсерінің есебінен). Осылайша, аталған ережелерді сактау сауыктыру дене жатты- ғулары сабақтарына койылатын бірінші гигиеналык талапты - негізгі козғалыс сапалардың кешені бойынша гигиеналык нормативтер деңгейіне шығу үшін жеткілікті жаттығу әсеріне қол жеткізу, сонымен бірге екінші - шаршау мен асыра шаршаудың алдын алуды тиімді орындауға мүмкіндік береді. Кемел жэне егде жастағы адамдарға арналған дене жатты- ғуларының көлемі мен қаркындылығын ЖСЖ-мен және сабак- тардың жекелеген бөлімдерінің үзактығымен де нормалауға болады (49-кесте). 49-кесте Сабак барысындағы дене жүктемелерін нормалау (ЖСЖ бойынша, кағ/мин) Сабак бөлігі Жоспарланған эсер ЖСЖ, кағ/мин Жүктеме көлемі, мин 1 2 3 4 Дайындык бөлімі Буындык дене кыздыру 110-120 8 Аэробтык дене кыздыру 140-150 7 Негізгі бөлімі Куш пен иілімділікті дамыту 120-130 20 Жылдамдык-күшті, ептілікті, төзімділікті дамыту. Ойын әдіс-тәсілдерін үйрету 130-140 30 Төзімділікті дамыту 120-130 20 Қорытынды бөлімі Қалпына келу 80-90 5
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==