Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

Балалардың ең жоғарғы жұмыс кабілеттілігін зерттеу бары- сында ең жоғарғы ЖСЖ жасқа байланысты емес екені анықталды, ол балаіар мен ересектерде де негізінен бірдей, 190-200 кағ/мин- ты кұрайды. Ең жоғарғы қуатты жұмыстан кейінгі оның шекті мөлшері жасөспірімдерде 196-202 қағ/мин, бойжеткендерде (кыздарда) 203-206 қағ/мин шегінде болады. Қалыпты жүктемелерге (мөл- шері бойынша бірдей) кіші жастағы балалардағы жүрек-қан тамырлары жүйесінің үлкен қызметтік өзгерістерімен жауап береді, бір уакытта оларда қалпына келудің едәуір кыска кезеңі байқалады. Қозғалыс сапаларын дамытудың жас деңгейіне сэйкес кел- мейтін дене жүктемелерін пайдаланған кезінде балаларда кал- пына келу кезеңі ересектерге қарағанда үзарады. Аэробтық алмасу жағдайы көбіне баланың төзімділігін анык- тайды. Балалар үшін өкпеге түсетін, қан тасымалдайтын және үлпалар түтынатын оттегі мөлшерінің колайлы аракатынасы ке- зінде орындалатын, каркындылықтағы орташа жүктемелер тиім- ді болады. Балалардағы эрбір жұтылған оттегі литрі ересектер- мен салыстырғанда желдетілетін ауа мен айналатын қанның аз мөлшерімен қамтамасыз етіледі. ОМТ неғұрлым жоғары болса, адамның дене жұмыс қабілет- тілігі де соғүрлым жоғары болады. Қуат алмасудың жасқа қарай өзгеруі салыстырмалы мөлшерлердің түрлі зат алмасудың белсен- ділігі бар мүшелер мен үлпалардың жылу өнімдерінің жиынтык- ты алмасуындағы өзара алмастыруымен байланысты. Жас өскен сайын жоғары белсенді ішкі мүшелердің салыстырмалы салмағы азаяды жэне белсенділігі төмен бұлшык ет ұлпаларының май бөліктерінің салыстырмалы салмағы арта бастайды. Қаңқа бүл- шық еттерінің жиынтық алмасуға қосатын үлесінің мөлшерінің көбеюіне байланысты тыныш күйдегі алмасу қаркындылығының төмендеуі байқалады. Жас өскен сайын куаттык камтамасыз етудегі анаэробтык тетіктердің мэні артады. 16-17 жасар жасөспірімдерде куаттың 14 %-ы анаэробтык жолмен түзіледі, ал 9-10 жасар балаларда

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==