мі, спорт жаттыктырушы гигиенаның негізгі ережелерімен таныс болған соң жэне Ф.Ф. Эрисманның айтуынша «гигиеналык ойлау эдісін» меңгерген жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Қазақстанда спорт гигиенасы ғылымын дамытуда, эсіре- се спорт пен медицинадағы гигиеналык практиканы колдануда Қазактың спорт және туризм академиясының окытушылары мен галымдары, Қазак Тағамтану академиясының ғалымдары, эл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика жэне биомедицина ка- федрасының окытушылары мен галымдары, республикамыздың баска да жогары оку орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері де дәрігерлік-гигиеналық қомакты өз үлестерін қосуда. Томен немесе шамадан көп қимыл белсенділігінің, жеткі- ліксіз немесе шамадан тыс дене жүктемесінің, тиімсіз тамақтану мен жаттығу сабақтары тэртібінің, жаттығу жүргізудің көңіл- ге қонымсыз жағдайларының мүмкін болатын жағымсыз әсері туралы біле отырып, кажетті нэтижеге кол жеткізуге болады. Осылайша, дене шынықтыру мамандығы бойынша оқитын студенттер, дене тәрбиесінің окытушылары, жаттыктырушылар дене жаттығуларымен айналысуды дұрыс үйымдастыру, дене жүктемелерін нормалау, жекелеген спорт түрлерінде жаттығу процесін, шұгылданушылардың тамактануын үйымдастыру мен материалдық-техникалық камтамасыз ету үшін жэне т.б. гигиена негіздерін білулері қажет. Дене шынықтырумен жэне спортпен шұғылдану кезінде калыптасқан гигиеналык нормалар мен талаптарды сақтамастан қалыпты денені физикалық дамыту, дене жаттығуларымен айна- лысушылардың денсаулығын нығайту, спорт жетістіктерін арт- тыру үшін тиімді жағдайларды камтамасыз етуге болмайды. Бакылау сұрақтары мен тапсырмалары 1. Дене тәрбиесі мен спорт гигиенасы калай дамыды? 2. Гигиенаны ғылым ретінде мазмундап беріңіз. 3. Гигиенаның максаты мен міндеттерін атаңыз. 4. Гигиеналык зерттеулердің негізгі әдістерін атаңыз. 5. Ғылым ретіндегі дене тәрбиесі мен спорт гигиенасы уғымын мазмүндап беріңіз. 6. Дене тәрбиесі мен спорт гигиенасынын негізгі максаттары мен міндет- терін көрсетіңіз.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==