рын қалыптастыратын бейайналымдык сипаттағы жүктемелер вегетативтік ортаның барынша аз күштенуін туындата отырып, ағзаға да барынша аз жаттыктыру әсерімен сипатталады. 44-кесте Жиынтыкты локомоциялардын жастык нормаларыныц руксат етілген шектері (А.Г. Сухарев бойынша) Қадамдар саны, м ы ң / т ә ү Жас, жыл Кыздар Ұлдар 3 9-13 9-13 4 9-13 9-13 5 11-15 11-15 7 14-18 14-18 8 16-20 16-20 9 16-20 16-20 10 16-20 17-21 11 17-21 20-24 12 18-22 20-24 13 18-22 21-25 15 21-25 24-28 16 20-24 25-29 17 20-24 25-29 18 19-23 26-30 Айналымдык қызметке күрылымы бойынша бірдей әрекеттер стереотипті, дағдылы түрде қайталанатын дене кызметі жатады. Айналымдык кызметтің барлык түрлерінін ішінде балалар үшін жүгіру - козғалыстың ең табиғи түрі, сондықтан жүгіру жүктеме- лері сауыктыру максатында кеңінен қолданылады. Олар жалпы төзімділікті дамытуға ықпал етеді, дененің жұмыс кабілеттілігін арттырады, ағзаның кызметтік қорларын ұлғайтады жэне бала ағзасының сырткы орта факторларына бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Төзімділік деп адамның оның тиімділігін төмендетпестен кандай да бір дене қызметін үзак уакыт орындауға кабілеттілі- гін түсінеміз. Төзімділік көрсеткіштері адам дене жүктемесінің берілген карқындылыгын ұстап тұратын уакыт болып табылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==