Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

мұндай мәліметтерді мектеп окушыларының қозғалыс белсенді- лігінің түрлі жолдармен салыстырмалы түрде бағалау үшін ғана қолдануға болады. Мектеп оқушыларының қозғалыс белсенділігін қалып- тастыру Қозғалыс белсенділігі оқушылардың өмір сүру қалпының жә- не мінез-құлқының маңызды бөлігі болып табылады, ол әлеумет- тік-экономикалық жағдайлар мен қоғамның мәдени деңгейімен де, сонымен бірге дене тәрбиесін үйымдастырумен де, сондай-ақ мектеп оқушыларының жоғары дэрежелі жүйке қызметінің же- ке-типологиялық ерекшеліктерімен, дене бітімінің ерекшелікте- рімен жэне қызметтік ерекшеліктерімен, окушыларының мүмкін- діктерімен де анықталады. Үйреншікті кимыл белсенділігінің деңгейі ағзаның кимыл- эрекеттерге деген биологиялык қажеттіліктеріне жэне калып- тасқан жастық-жыныстық гигиеналық нормаларға сэйкес кел- меуі мүмкін (үйлесімді дене дамуы, ағзаның жетекші бейімделу жүйелерінің кызметтік жағдайының артуы, денсаулыкты сактау жэне нығайту). Мектеп оқушыларының үйреншікті цозгалыс белсенділі- гін цалыптастыратын негізгі факторлар. Мектеп оқушылары- ның үйреншікті козғалыс белсенділігінің белгілі бір деңгейін анықтайтын барлық факторлар шартты түрде үш топқа бөлінеді: биологиялық, элеуметтік жэне гигиеналык. Биологиялың факторлар. Адам ағзасының козғалысқа деген қажеттілігін қалыптастыратын жетекші биологиялык факторлар - жасы жэне жынысы. Локомоциялар санымен жэне жүру барысында орындалған дене жүмысының көлемімен берілген оқушылардың орташа тәу- лікгік белсенділігі жас өскен сайын арта түседі. Мысалы, егер үл бала 8-9 жаста еркін тэртібінде тәулік ішінде 21±0,6 мың қадам жасайтын болса, 10-11 жаста 24±0,5, ал 14-15 жаста 28,7±0,3 мың қадам жасайды. Жүру барысындағы жүмыс көлемі ұл балаларда 8-9 жаста 560 кДж/тәу-ке тең, ал 14-15 жаста 1470 кДж/тэу-ке тең, яғни ол 3 есеге дейін артады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==