нің гигиенасы саласындағы ғылыми зерттеулер А.Г. Сухарев пен Л.И. Абросимованың басшылығымен КСРО Денсаулык сақтау министрлігінің Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ҒЗИ дене тәрбиесінің гигиенасы бөлімінде жүргізілді. Бөлім қызметкер- лері балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру, түрлі жастық- жыныстық топтағы окушыларға арналған дене жүктемелерін нормалау жөніндегі гигиеналық ұсынымдарды әзірледі, сауык- тыру мақсатында дене тәрбиесінің түрлі қүралдарын қолдану не- гізделді. Дене тэрбиесі мен спорт гигиенасы саласындағы көп жыл- дық ғылыми зерттеулер нәтижесінде дене жаттығулары мен спорт гигиенасының басты міндеттері белгіленді: сыртқы орта жағдайларының дене шынықтырумен жэне спортпен шұғылдану- шының денсаулығына әсерін зерттеу жэне оларды сауықты- ру; дене жаттығуларымен жэне спортпен шұғылданушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін гигиеналык іс-шараларды дайындау; жүмыс кабілеттілігін, төзімділікті арттыру, спорттык жетістіктердің өсуін камтамасыз ету. Бұл міндеттер ғылым бөлімі жэне оқу пэні ретінде дене тәрбиесі мен спорт гигиенасы курсының нақты мазмүнын ай- қындады: ауа ортасының, судың, спорт құрылыстарын жобалау, қүрылысын салу жэне пайдалану гигиенасы, жеке бастың гигиенасы, спортшыларды шынықтыру, тамақтандыру, жаттығу гигиенасы, жекелеген спорт түрлерімен шұғылдануды гигиеналык қамтамасыз ету. Соңғы жылдары шүғылданушылардың жастык, жыныстық жэне кәсіби қызметтік мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін, климаттық жэне баска сырткы факторларды ескере отырып, дене шыныктырумен жэне спортпен шүғылдануды гигиеналык қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кұнды ғылыми деректер алынған. Олардың түрлері мен мазмүнына қарамастан дене жаттығуларымен айналысу міндетті түрде шүғылданушының денсаулығын ныгайтуга ықпал етуі тиіс, бүл толығымен дене тәр- биесінің барлық жүйесінің сауықтыру багытына сэйкес келеді. Дене тэрбиесінің сауықтыру қағидасын тек дене тәрбиесі мүғалі-
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==