Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

лыкка алынады. Жасанды хауыз кұрылысы аумағындағы жер асты суларының денгейі хауыздың ең төменгі нүктесінен кем дегенде 0,7 м төмен болуы тиіс. Жасанды хауыздар суды ауыс- тыру мен тазартудың арнайы жүйесімен жабдықталады. Хауыз ванналарының кұрылысы үшін бетонның әр түрі колданылады. Хауыз ванналары қабырғасының ішкі беті суокшаулағыш кабат- пен жабылады (сылақты, кыш такта). Хауыздағы эртүрлі сүзгіштер аркылы судың түрақты мәж- бүрлі айналымы, зарарсыздандыру жэне жылыту жүйесі су күра- мының гигиеналық талаптарға сэйкес келетін жағдайда ұстап тұ- руға мүмкіндік береді. Суды зарарсыздандырудың кең тараған жэне арзан әдісі хлорлау болып саналады. Жасанды хауыз суындағы қалдык хлор деңгейі 0,2-0,4 мг/л-ден төмен болмауы керек. Алайда қалдык хлордың мұндай мөлшері көздің конъюнк- тивіне тітіркеуші эсер береді. Көзді корғау үшін арнайы көзіл- діріктер колданылады. Хауыздар суындағы калдык хлор жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатының микрофлорасына да шамалы бактерицидтік (бактерияларды өлтіретін) эсер береді. Бүл белгілі бір мөлшерде респираторлык аурулардың пайда болу қаупін азайтады. Хауыздар суын зарарсыздандыру үшін баска да кұралдар, мысалы ультракүлгін сәулелері, озондау, химиялык кұралдар (то- тияйын) колданылады. Хауыз ванналарының ұзындығы - 25 м (шағын) жэне 50 м (үлкен), ені - 10, 12, 15, 21 жэне 25 м, жүзу жолының ені 2,25 м-ден кем емес болу керек. Хауыз ваннасының ішкі жағынан кыш такташамен капта- лады. Қабырғаның бойымен су бетінің деңгейінде судың бет- кі ластанған кабатын ағызуға арналған арнайы науа жабдык- талады. Хауыздың сырткы шегара бойынша ені 1,5-2 м жэне температурасы 28-31 °С жылытылатын жүзу жолдары жабдык- талады. Көрермендерге арналған мінбелер жүру жолдарынан арнайы бөгеттермен бөлінеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==