Ашык табиғи хауыздарды судың өзін-өзі тазалауға кабі- леттілігі жоғары өзендерге орналастырған дұрыс. Көлдер мен тоғандарда хауыздар шаруашылык-тұрмыстық жэне өнеркәсіптік ағын сулармен ласталмайтын; оларда малдар шомылмайтын, кір жуылмайтын болса жэне т.б. жағдайларда ғана орналастырылады. Табиғи хауыздар ластауыш көздерден ағыс бойынша 200-250 м жоғары кашыктыкта орналасады (агын суларды тастау, айлактар жэне т.б.). Бұл оларға желдің жэне толкынның көмегімен түр- лі ластауыштардың түсу мүмкіндігінен коргайды. Гигиеналык нормалар мен ережелерге сәйкес ашык табиғи хауыздардың су бетінде көзге көрінетін ластанулар болмауы керек. Судың мөл- дірлігі 4 м тереңдікте диаметрі 20 см ақ дөңгелек көрінетін болуы тиіс. Хауыз орналасқан су коймасының түбі таза, күмды, жайпак төмен түсетіндей болуы керек (ағаштардың тамырлары, тіреулер. шұңкырлар болмауы тиіс). Табиғи хауыздардың тереңдігі спорт- тык жүзумен айналысу үшін 1,7 м-ден кем болмауы керек; 5 м биіктіктен суға секіру үшін - 3,8 м; 10 м биіктіктен секіру үшін - 4,5 м. Хауыздарды су коймасының күн түсетін жағына орналас- тырған дұрыс. Хауыздың ұзын осі өзеннің ағысына бағытталуы тиіс, ал секіруге арналған мінбе су коймасының ағысы бойынша жоғары орналаскан хауыздың дөңбек жағына, сөре бағанашалары карама-қарсы жакты орналасуы тиіс. Жасанды су хауыздарына қойылатын негізгі гигиеналык талаптар Жабык жасанды хауыздар (бассейн) - елдің кез келген кли- маттык-географиялык аумағындағы жыл бойына жаттығуға ар- налған аса күрделі жэне кымбат тұратын спорттык гимараттар. Жасанды хауыздың құрылысы үшін жерді таңдау кезінде баска түрдегі ашык спорт ғимараттарын салуға арналған жер те- лімдеріне қойылатын талаптарға ұксас санитарлык-гигиеналык талаптар ауаны ластауыштар мен шудан алшыктық; жасыл же- лектердің болуы жэне олардың кұрылыс пен жер телімі аумағы- ның периметрі бойынша жеткілікті көлемдегі аумағы басшы-
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==