Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

- 25 °С, дене шыныктыру-сауыктыру ғимараты үшін 18 °С-ден төмен болмауы тиіс. Спорт ғимаратындағы микроклиматтық жағдайлар көбіне ауаның салыстырмалы ылғалдылығына жэне қозғалмалылығына (козғалыс жылдамдығына) да байланысты. Спорт ғимаратындағы ауаның гигиеналык тиімді салыстырмалы ылғалдылығы жылдың суық мезгілінде 40-45 %-ды, жылы мезгілде 50-55 %-ды күрайды. Спорт ғимаратында, спортпен шұғылданушылар жүретін аумакта ауаның козғалмалылығы 0,3 м/с-тан аспауы, күрес, үстел үстін- дегі теннисте жэне жабык мұз айдынында 0,5 м/с-тан аспауы тиіс. Бүл талаптарға кысымы томен сумей жылыту сай болады. Спорт залдарында жылыту радиаторлары кабырғамен бірдей жазыктағы корғау торларымен жабылады. Жүзу хауыздарын ауамен жылыту ұсынылады, себебі жылыту жүйесі арқылы берілетін жылытылған ауаның ылгалдылығы томен болады, бұл бір уакытта ванна залындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Спортшылар мен көрермендердің кызметі нэтижесінде пайда болатын жылу мен зиянды газ түріндегі ауаны ластауыштардың артық мөлшерін дер кезінде жою үшін спорт ғимараттары жа- санды жэне табиғи түрдегі арнайы желдету жүйелерімен жабдық- талады. Спорт ғимаратындағы желдету жүйелері жүмысының тиімді- лігі, олардың үй-жайлардағы ауа тазалығын сақтау қабілеттілігі эрбір спортпен шұғылданушыны немесе көрермендерді кажетті ауа мөлшерімен (ауа текшесі) қамтамасыз ету жэне оны сыртқы ауамен тұрақты алмастыруы бойынша бағаланады. Гигиеналык талаптарға сәйкес спорт ғимаратындағы ауа текшесі 30 м3-қа тең, желдету мөлшері - бір сағатта бір адамға 90 м3. Баскаша айтқанда, желдету жүйесінің олардағы ауаны бір сағат ішінде кем дегенде үш рет алмастыруды камтамасыз ете алатын қуаты кажет. Мысалы, спорт залдарында, жабык хауыз ванналарының залдарында ауаны алмастыру үшін бір спортпен шұғылданушы үшін сағатына 80 м3жэне бір көрермен орны үшін 20 м3-тан кем емес сырткы ауаны беріп отыру карастырылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==