Спорт ғимаратын жылыту мен желдетуге койылатын не- гізгі гигиеналык талаптар Түрлі спорт үй-жайлары үшін олардың қызметтік максаты мен спорт түрінің ерекшелігіне жэне осымен байланысты спорт жаттығуларының сипатына, спортпен айналысушылардың жас- тык-жыныстық кызметтік, психофизиологиялық жэне кэсіби айырмашылыктарына сэйкес ауа ортасы температурасының өзін- дік гигиеналык нормалары белгіленген. Жабық спорт ғимараттарында тиімді микроклиматтык жағ- дайлар жылыту жэне желдету жүйелерінің көмегімен қалыптасты- рылады. Спорт ғимараттарында, эдетте, орталыктан жылыту жүйесі колданылады (сумей, бумен немесе ауамен жылыту). Спорт ғимаратын жылыту жүйесіне койылатын негізгі гигиеналык талаптар: - жекелеген үй-жайларда сырткы ауа температурасының кез келген ауытқуы болған кезде қажетті тепе-тең температураны ұстап тұруға; - ауа ортасының кажетті сапасын ұстап тұруға мүмкіндік бе- руі тиіс. Спорт ғимаратын жылыту жүйесі оларда осы бір жергілікті жердің ең суык ауа райы кезінде де белгілі бір температураны ұстап тұруы тиіс. Түрлі спорт ғимараттары үшін гигиеналык тиімді температура мөлшері катысушы көрермендердің мүмкін болатын санына да тәуелді болады. Мысалы, көрермендер үшін отыратын орындыктар болмаған кезде спорт залдары үшін тиім- ді ауа температурасы - 15 °С, жабык мұз айдыны үшін - 14 °С, жабык тирлердің ату аймақтары үшін - 18 °С. Сыйымдылығы 800 көрерменге дейін арналған спорт зал- дарында жылдың суық мезгілі үшін ауа температурасы 18 °С бо- луы тиіс жэне жылдың жылы мезгілінде осы температурадан 3 °С ғана жоғары болуы тиіс. Сыйымдылығы 800 көрерменнен асатын залдарда жылдың суык мезгіліндегі есептік температура 18 °С-ді кұрайды, жылы мезгілде 25 °С-ден аспауы тиіс. Шешіну бөлме- лері мен душтар, санитарлық тораптар үшін есептік температура
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==