жэне спортпен шұгылданушы адамдардың денсаулық күйін, де- ненің физикалық жағынан дамуын жақсарту, жалпы жэне спорт- тык жұмыс қабілеттілігін арттыруға арналған іс-шаралардан тұрады. Бұл үшін колданылатын негізгі гигиеналык құралдарга: - дене жаттығуларымен айналысу кезінде қолданылатын жағдайларды, тәртіптер мен мазмұнын, формалары мен күрал- дарын тиімділендіру; - тиімді тамақтану; - дене жаттыгуларымен айналысу кезіндегі дене жүктеме- сінің деңгейін тиімділендіру; - шынығу жатады. Дене шынықтыру мен спорт гигиенасының қалыптасу тари- хы бірнеше жүз жылға созылған. Ежелгі кезде дене тәрбиесін сауықтыру қүралы ретінде қарастыруға талпыныстар жасалған. Бұл үшін дене жаттығуларынан бөлек түрлі жалпы нығайтушы гигиеналық кұралдар қолданылды (монша, массаж, шынығу жэне т.б.). XVII ғасырда К. Славинецкий мен Я. Коменскийдің еңбек- терінде алғаш рет дене шынықтыру мен гигиенаның өзара бай- ланыста болтаны карастырылды. Дене тәрбиесі жалпы тәрбие- нің бір қомақты бөлігі ретінде қарастырылды, онда шұғылдану- шылардың денсаулығын нығайту мен дене жағынан жетілуінің арнайы мақсаты бағытталған міндеттері бөлініп, қалыптасты- рылды. Алғаш рет бүл жүйе XVIII-XIX ғасырларда Ресейде тылы- ми нетіздемеге ие болды. Дене тәрбиесі теориясының негізін қалаушы П.Ф. Лесгафт болды. Оның гылыми-педагогтік кызметі Петербург медициналық-хирургия академиясының қабыргасьшда басталды. Ол медицина докторының (1865), содан кейін хирургия докторының диссертациясын қоргады (1868). П.Ф. Лесгафттың едәуір ірі жұмыстарына «Мектеп жасындаты балалардың дене тәрбиесі жөніндеті басшылық», «Баланы отбасылық тэрбиелеу жэне оның мэні», «Анатомия» еңбектері жатады. П.Ф. Лесгафт дене тэрбиесі теориясы мен эдістемесін әзірлеу үшін гана емес, соны-
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==