Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

- шайнауды талап етпейтіндей сұйык немесе жартылай сұйык түрде; - өте салқын болмауы тиіс. Марафондык кашыктыктарға жүгіру, үзак кашыктыктарға жүзу, 50-100 км кашыктыкка шаңғымен жүгіру жэне шоссемен веложүрулер кезінде тамакты 1-2 рет кабылдаған дүрыс. Бұл үшін қашыктықта түрақты және жылжымалы тамактану бекеттері ұйымдастырылады. Марафондык жарыстарды түракты тамақтану бекеттері кашыкдыктың 12-15,20-22,27-30,36-39-ыншы километр- лерінде орналасады, 50 км-ге шаңгы жарыстарында -20-25,30-35, 40-45-інші километрде, шаңғының дене жүктемесі біршама тө- мендейтін жайпак төмен қүламаларда тұракты тамақтану бе- кеттері тамақтануға кажеттілік біршама артатын қашықтықтың аяқталуы жакын жерлерге орналастырылады. Веложарыстарда кашықтыктағы тамактану велосипедтің жиегіне немесе рөліне бекітілетін арнайы термостарға кұюмен үйымдастырылады. Марафондык жүгіруде, шаңғы жарыстарында кашыктағы тамактану кағаз немесе пластмасса ыдыстармен ғана берілуі тиіс. Бүл ыңғайлы жэне кауіпсіз. Спортилылардың цалпына келу кезіндегі тамацтануы. Күшті жэне ұзак уакытка созылған дене жүктемелерінен кейін спортшы- ларды жылдам калпына келтіру қажет. Көмірсулардың корларын толыктырудың ең жақсы кұралы - мэреге жеткен сон кант немесе глюкоза қабылдау. Бұл бауырда гликогеннің жинакталуына ғана емес, сонымен бірге оның жүктемеден кейін калыпты қызметтік жағдайының калпына келуін жылдамдатады. Жарыстан кейін екі-үш күн бойы тагам рационында май- лардың көлемі біршама азайтылады жэне өсімдік майының мөл- шері, барлык майлардың 20-25 %-ына дейін ұлғайтылады, тамак көмірсулармен жэне дэрумендермен байытылады. Жас спортшылардың таиаңтану ерекшеліктері. Зат алмасу мен дене жүмысын куатпен камтамасыз ету балалар мен жасөс- пірімдерде дене жэне жыныстық жағынан каркынды дамитын болғандықтан, біркатар нэрлі заттарға деген кажеттілікті арт- тырады (39-кесте).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==