Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

(сүрленген ет, майлы ет, кой еті, ірімшік, шоколад, какао, ащы дәмдеуіштер) өнімдердің болмағаны дұрыс. Егер негізгі жаттығулар немесе жарыстар күннің екінші жартысында өтетін болса (түскі ас пен кешкі астың арасында), түскі ас асказан үшін ауыртпалық тудырмайтын өнімдерден тү- руы тиіс. Жасуныққа бай өнімдерді кешкі астың тағам рационына кіргізеді, азқазанда ұзақ уақыт болатын өнімдерді таңғы аска кір- гізеді. Түскі астың салыстырмалы калориялылығы 30-35 %-ға азайтылады, таңғы ас пен кешкі астың калориялылығы сәйкесін- ше көбейтіледі. Ыстыц климатта жаттыгулар жасау кезіндегі тамақтану ерекшеліктері. Спортшының ағзасына дене жұмысымен тікелей физиологиялық эсер етуге бірқатар колайсыз айрыкша климаттык факторлардың эсері де косылады (жоғары температура жә- не ауаның салыстырмалы үлкен ылғалдылығы, күннің күш- ті сәулеленуі). Сондықтан ыстық климат жағдайында ағзаның ақуыздарға, дәрумендер мен минералдык тұздарға деген кажет- тілігі артады. Спортшылар әсіресе катты шөлдейді жэне оны шөлді канды- ру үшін шамадан тыс мөлшерде су ішеді. Сондықтан спорт- шылардың су ішу тәртібі реттелінеді, түздарға, дэрумендер мен органикалық қышқылдарға бай сұйыктар кеңінен колданылады: жеміс шырындары, су, ас тұзы косылған қышқылданған лимон шырыны (1 л суға 4-7 г). Тамақтың алуан түрін, ащы дәмдеуіштерді қолдану ерекше маңызға ие, бүл тәбетті арттырады. Бір уақытта тамақтану тэртібі де өзгереді. Таңғы асты ішу ертерек уақытқа келеді. Ол көлемі жағынан аз жэне жеңіл қорытылатын, бірақ жоғары калориялы болуы керек. Тэуліктің ең ыстык мезгіліне келетін түскі ас көлемі мен калориясы жеткілікті төмен болуы тиіс (шамалы мөлшердегі ыстык сорпа немесе салқын көкөніс пен жеміс сорпалары, майсыз ет немесе балық, жеміс қайнатпасы). Түскі астың көлемі мен калориялардың азаюына байланысты сағаттык демалыстан кейін кешке жаттығуға жақын уақытта же-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==