Криминалистика

11-1-сурет. Масштабты фототүсірілім. Винтовкалы патрон 7,62x54. а) Масштаб™ түсіру әдісі — бұл идентификациялауға қа- жетті (іздердің, белгілердің, жеке заттардың және т.б.) объектілердің көлемін анық- тап бекіту үшін колданылатын әдіс. Суретке түсірілетін объ- ектінің жанына масштабты сызғыш (сантиметрлік немесе миллиметрлік сызықтарға «шкалаға» бөлінген сызғыш) койып түсіріледі. Масштабты түсіру әдісіне койылатын талаптар: біріншіден, суретке түсіру барысында түсірілетін объектінің жазықтығы мен фотоаппарат объективі арасындағы жазықтық толығымен параллель болуы кажет; екіншіден, түсірілетін объекті мен өлшеу шкаласы бір жазықтықта жатуы керек; үшіншіден, қолданылатын масштаб ­ ты сызғыштың сантиметрге, миллиметрге бөлінген сызыктары міндетті түрде болуы тиіс. Масштабты түсіру әдетте тегіс беттегі іздер мен көлемі үлкен емес баска да объектілерді (аяқкиім іздерін, бүзу құралдарынан калған есіктегі іздерді және т.б.) детальды түсіру әдісі ретінде қолданылады. Ірі көлемді затты суретке түсіру барысында, көп бейнедегі әрбір іздің жанына масштабты сызғыш койып жеке-жеке түсіріледі. Бұл кезде масштабты сызғыштың астына бір нәрсе қойып ірі көлемді заттың жазыктығымен теңестіріледі. ә) Метрлік түсіру - объектілердің терендігін, орналасуы және өзара қашыктығын аиықтап білу мақсатында колданыла ­ тын әдіс. Окиға болған жерді карау кезінде тергеуші көбінде іс бо- йынша объективті шындықты анықтау үшін бір объекті мен екінші объектінің арақашықтығын өлшеп суретке түсіреді. Оқиға болған жерді карап болғаннан кейінгі жүргізілетін тер- геу процесінде кейбір объектілердің ұзындығы мен олардың қоршаған ортаға қатысты орналасу жағдайы, ара қашыктығы жөнінде косымша мәлімсттер хаттамада тіркелмей қалған жағ- дайларда метрлік әдіс тәртібімен түсірілген фотосуретгерді кол- дану тергеушінің жіберген кемшіліктерінің орнын толтырады. Мұндай әдіс көмегімен бейнеленген объектінің накты ұзынды- ғын, орналасу жағдайын, бір объекті мен екінші объектінің 67

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==