Криминалистика
дай киімде болса, сол киіммен түсіріледі. Егер куэ оны бас киім, сырт киім немесе көзілдірігімен көрген жағдайда, сол киімдер мен заттарды шешпей суретке түсіреді. Тануға 1:7 - қатынас- тағы масштабымен түсіру кезінде тануға түсірілетін түлғаның сыртқы бейнесін сипаттайтын барлық белгілері анық көрініп түруы шарт. Ол үшін жарықтандыру жағдайын міндетті түрде жақсарту кажет. Танылушы тұлғаның сыртқы бейнесі накты және объективті түрде түсірілуі тиіс. Сондықтан да тану үшін суретке түсіру барысында суреттегі бейнені жақсартуға бағыт- талған (мысалы: танушыныңбетіндегі, үстіндегі жара, жаракат, тыртық және сол сияқты т.б. да кемістіктерді жасыру үшін «ре- туш» - химиялық жолмен өндеу, әр түрлі жарықтандыру) әдістерді қолдануға болмайды. Мәйітті тану үшін түсіру, тірі адамды тануға түсіру әдіс- тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Мәйіттін беті адам көргісіз жағдайда болса, оның бет-бейнесін (әлпетін) жақсарту үшін сот- медицина саласының маман-сарапшысы тергеушінің басшылы- ғымен мәйітке арнайы әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Мәйітта- былған кезде оның үстінде қандай киім болса, суретке сол киімімен түсіріледі. Егер мәйіттің үстінде ешкандай киім бол- маған жағдайда тануға корсету үшін оны киіндіріп суретке түсірудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда мәйіттің денесін матамен жауып түсіреді. Мәйітті суретке отырғызып түсіру мүмкіндігі болмаса, оны сол калпында жаткан күйінде түсіреді. Мәйітті үстелдің үстіне бетін жоғары қаратып, тігінен жатқы- зып, алдынан, бетпе-бет, қырынан (оң жақ, сол жак кырынан) және басының 3/4 бұрылымында түсіріледі. Фотосуреттегі мәйіттіңбейнесі отырған адамға ұқсатылып түсірілуі кажет. Бүл талап-тәртіптерді сақтап суретке түсіру әдісі мәйітті фотосуреті бойынша дүрыс тануға көмегін тигізеді. 4. Өлшеп түсіру әдісі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кейбір объектілердің ұзындығын, көлемін немесе олардың ара- қашыктығын аныктап білу ка- жетгілігі туындауына байла- нысты колданылатын крими- налистикалык техника бөлі- міндегі сот-жеделдік түсіру әдістерінің бірі. Өлшеп түсіру әдісі масштаб™ және метрлік болып екі түрге бөлінеді: 11-сурет. Масштаб™ фототүсірілім. Бөкі. «Victorinox». Швецария. I 66
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==