Криминалистика
Осыған сәйкес фотографиялық құрал-жабдықтарға: крими- налистер ойлап тапқан барлык жаңа түсірілімдік және проек- циялықаппаратураларды, фото-жабдықтар мен фототүсірілім- дердің арнайы құрылғыларын, фотоматериалдарды және олар- ды өндеу үшін колданылатын химиялыкреактивтерді жатқыза- мыз. Аталған күрал-жабдықтардың ішінде кейбір фотоқүрыл- ғылар тек қана криминалистикалык мақсатта қолдануға арнал- ған. Мысалы: октың үстіңгі цилиндрлік қабатын фотоғатүсіру үшін, фотографияға түсірудін осы берілген кұрал-жабдықтарын криминалистикалык қызмет барысында колдануға байланысты өңдеп жетілдірілген ережелер мен ұсыныстардың жиынтығы фотографиялык әдіс болып табылады. Криминалистикалык фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда са- раптамалык зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудіңтиімді әдіс-қүралы. Ол іс үшін маңызы бар қылмыстын іздерін, жеке заттарды және баска да материал- дық объектілер мен заттай дәлелдемелерді көрнекі түрде бейнелеудін сенімді әдіс-күралы болып табылады. Осыған сәйкес көрсетілген фототүсірілім тергеуші, жедел-іздестіру қызметкерлері, маман және сарапшылармен орындалуы мүмкін. Криминалистикалык мәселелер мен криминалистикалык кызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотогра- фиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады: 1) сот-жеделдік фотография; 2) сот-зерттеу фотографиясы. Сот-жеделдік фототүсірілімдер оптикалык қүралдарды кол- данбай-ак көзге көрінетін әр түрлі іздер мен объектілерді бекіту максатында колданылатын әдіс, ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге көрінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмашылықтарын аныктап бекітуге негізделген әдіс болып табылады. Криминалистикалык бейнежазба, бейнежазбаның құралдары мен әдіс-тәсілдері тергеу барысындағы мәселелерді криминалистикалык мақсатта ғылыми талдап қорытындылау мен криминалистикалық-ғылыми жетістіктерге сәйкес пайда- лану негізіңде қалыптасады. Аталған түсірілім және бейнежаз ба түрлері криминалистикалык техниканың бір тарауы ретінде криминалистикалык әрекет жүргізу барысында дәлелдемелерді жинау мен бекіту үшін колданылатын бейнежазба қүралдары- нын ғылыми әдістемелік өнделіп жетілдірілген жүйесінен тұрады. 61
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==