Криминалистика
Төртінші топтағы әдістер, негізінен, алынған нәтижелерді түсіндіру үшін күрделі құралдар мен жабдықтарға қосымша тіркеледі. Дәлелдеу қүралы болып табылатын сараптаманың қолданы- лу тиімділігі, шешілетін мәселелердің деңгейі сараптамалык мекеменің техникалық жағынан жабдыкталу дәрежесімен тіке- лей байланысты. II т а р а у КРИМИНАЛИСТИКАЛЫК ФОТОГРАФИЯ, БЕЙНЕ- ЖӘНЕ ДЫБЫСЖАЗБАЛАРЫ §1. Криминалистикалык фотография, бейне- және дыбысжазбаларынын түсінігі, мацызы және жүйесі Тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларының барысын, оның жеке кезендері мен нәтижелерін және криминалистика- лык-сараптамалык зерттеулерді бейнелеп бекіту арқылы дәлел- демелік, жедел-іздестіру және сараптамалық ақпараттарды дәлме-дәл алуға болады. Бекітудің мүндай кең тараған әдістері мен құрал-жабдықтарына криминалистикалык фотография, бейне- және дыбысжазбалары жатады. Осыған сәйкес аталған кұрал-жабдықтар мен әдістердің жиынтығы, яғни фотография, бейне- және дыбысжазбалары криминалистикалык техниканын бір топтық тарауларын құрады. Аталған тараулардын ішінде криминалистикалык фотография бөлімі бұрынырақ пайда бо лып калыптасқан. Ал бейнежазбалары кейіннен пайда болып қолдана бастады. Тергеу барысында дыбысжазбаны қолданудың криминалистикалык аспектілері әлі жекебөлім ретінде қалып- таспаған. Ол бейнежазбамен бірге қарастырылады. Криминалистикалык фотография - фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалистикалык мақсатта қолдану- дың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ак криминали стикалык зерттеулердіңсәйкес нәтижелеріне негізделеді. Кри миналистикалык техниканыңбөлімі ретіңде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әр түрлі криминалистикалык қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім кұралдары мен әдіс- терінің жетілдірілген ғылыми жүйесін күрайды. 60
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==