Криминалистика

нылады. Белек микрообъектілер (шаштың талшығы жене т.б.) пинцет, электрленген жене шыны таяқшаның көмегімен алы- нады. Барлык алынған объектілер сәйкестеліп капталып арнайы зерттелетін немесе сақталынатын жерге жеткізілуі тиіс. §3. Сарапшылардың қолданатын гылыми-техникалық құралдары Сараптамалық тәжірибеде әр түрлі әдістер қолданылады. Әдістердің кандай касиеттерді зерттеуіне байланысты оларды бірнеше топка бөлеміз: 1) объектінің морфологиясын зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 2) объектінің физи- ка-химиялыққасиетін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техника- лык құралдар; 3) объсктінің жекелеген қасиеттерін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 4) ақпаратгы өндей- тін әдістер мен ғылыми-техникалық күралдар. Бірінші топтағы әдістерге, негізінен, жарықтандырғыш және электронды микроскопия, сонымен катар, интроскопия жене профилография әдістері кіреді. Сараптамалық тәжірибеде кең түрде тараған әдістерге жа- рықтандырғыш микроскопия әдісі жатады. Барлық сараптама- лык мекемелерде бинокулярлы стереоскопиялык микроскоп МБС-2, әр түрлі модификациялы биологиялык микроскоптар, салыстырмалы микроскоптар және металографиялық микро ­ скоптар бар. Заттай дәлелдемелердің көптеген түрлерінің мор ­ фологиясын зерттеуде стереоскопиялык микроскоп универсал- ды қүралға жатады. Ал, биологиялык микроскоптың кө-мегімен, негізінен, талшықтардың, то- пырак жердің, өсімдік объ- ектілерінің, есірткі және психотропты заттардың бөлшектері зерттелінеді. Са ­ лыстырмалы микроскоп ар- кылы көбінесс сот баллисти- касының (оқтар, гильзалар), кейде трасологияның объек- тілері зерттеледі. Металдар мен қорытпалардын (сплав) беткі кабатының кұрылымын 1-сурет. Stereoscan. Растрлы зерттеуде металлографиялық электронды микроскоп. 57

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==