Криминалистика

Криминалистикалык техниканың әдістері, олардың табиғи негізінде жатқан құбылыстар мен қай ғылыми топқа жататын- дығы бойынша жүйеленеді. Атап айтканда: а) физикалык; ә) химиялық; б) физика-химиялык; в) ботаникалық; г) физио- логиялық; д) математикалық; е) логикалық; ж) биологиялық. Криминалистикалык техника жалпы ғылым, сондай-ақ ар- найы әдіс ретінде қолданылады. Ғылым бөлімі ретінде крими ­ налистикалык техника жеке техникалық құралдар мен крими ­ налистикалык техника әдісі мен тәсілдерін камтиды. Табиғи және техникалык ғылымның криминалистикалык жағдайдың интеграциясы, накты техникалык күралдардың күрделігі, сон- дай-ак күрделі технологиялык операцияларды қолдану әдіс- терінің өрлеуі мен дамуы тек кана криминалистикалык техни- каны айтып қана коймайды, сонымен катар технологияны да атап өтуін кажет етеді, әсіресе бұл әр түрлі қылмысты зерттеу кезіндегі әдіс тактикамен, техникамен байланысты сұрақтарды шешкенде байқалады. Криминалистикалықтехниканың қүралы, әдісі мен тәсілінің қайнар көзі мен қылмыстыксотөндірісіне кажеттілік қабілетінін дәрежесіне байланысты үш топқа бөлінеді: бірінші топты басқа ғылым мен техникада қолданылатын кұралдар, әдіс пен тәсілдер күрайды. Бүларға мысалы, фотоаппараттар, жалпы тұрғыдағы бейне- және дыбысжазба аппараттары, микроскоптар, спектро- метрлер, хроматографтар және басқа да іздестіру және зерттеу құралдары. Екінші топка — басқа ғылымда өңдеп жетілдірілген күрал- жабдықтар мен әдіс-тәсілдердің криминалистикаға бейімде- лінген тобы кіреді. Олар қылмысты ашу және тексеру максаты- на арналған құралдар. Оларға мысалы, суретке түсіру немесе фото қондырғыларының арнайы әдістері. Ал үшінші топты қылмысты ашу және зерттеу максатында арнайы криминалистикамен өндеп жасалған құрал, әдіс пен тәсілдер қүрайды. Оларға мысалы, салыстырмалы микроскоп ­ тар, дактилоскопиялык тіркеуді немесе суреттердің жинағын кұрайтын жұмыс орнын компьютерлендіру және т.б. жатады. §2. Тергеуші мен криминалист-маманның колданатын ғылыми-техникалык құралдары Кылмысты ашу мен кылмыскерді әшкерелеуде тергеушінін криминалистикалықтехника кұралдарын шебер қолдануы үлкен ррл аткарады. 54

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==