Криминалистика
ның жедел-іздестіру қызметі кезінде, сондай-ақ, қылмыстың алдын алу шараларын жүргізуде де қолданылады. Криминалистикада ғылым мен техниканың жетістіктері кеңінен қолданылуы криминалистикалык техниканың дамуы- на әкеліп, казіргі кезде келесідей негізгі салалары калыптасқан: • криминалистикалык техниканың жалпы ережелері; • криминалистикалык фотография, дыбыс- және бейнежазба; • трасология (іздер жөніндегі ілім); • криминалистикалык баллистика; • криминалистикалык қолжазбатану және автортану; • қүжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу; • суық қаруды криминалистикалык зерттеу; • криминалистикалык жарылыстану; • заттар мен материалдарды криминалистикалык зерттеу; • одорология; • фоноскопия; • адамдарды сыртқы бейне белгілері бойынша тендестіру (га- битология); • криминалистикалык тіркеу жэне есепке алу. Криминалистикалык техника әдістерімен зерттелетін: іздер, атыс қарулары, құжаттар және баска да затгай дәлелдемелер — жоғарыда аталған сала тізімдері криминалистикалык техника- ның жүйесі негізіндегі қағидапардан тұрады. Криминалистикалык техниканы әдіс бойынша жүйелендіру мен мамандандыру оны кеңінен өндеп жетілдіруді қажететеді. Криминалистикалык техниканы тағайындау әдістерін келесі- дей топтарға бөліп көрсетуге болады: 1. Заттай далелдемелерді табу, бекіту және алудың әдістері мен т&сілдері. Бұл әдістемелердіңтобы дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде үлкен мағынаға ие болады, мысалы: қылмыс болған жерден қолдың, аяқтың, көлік қүралының, атыс кұралының іздерін, өзге де объектілер мен жерлерден микроіздер және бөлшектерді табу мен алу тәсілдері. 2. Заттай дәлелдеме/іерді зерттеу әдістерімен тәсілдері. Бүл әдістер тобын тергеуші мен маман тергеу әрекетін жүргізу ба- рысында қолданулары мүмкін, біракбұл әдіс-тәсілдер негізінен криминалистикалык сараптама жүргізу кезінде затгай дәлелде- мелерді лабораториялық зерттеу үшін арналған. Олардың қата- рына адамдарды, жануарларды, бұзу құралдарын, ату қаруын, заттардың шығу тегін және т.б. идентификациялау әдісі жатады. 53
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==