Криминалистика
Кей жағдайларда іздің пайда болу механизмі туралы мәселе тергеу барысында өзіндік мағынаға ие болады. Әсіресе, іздің пайда болу жағдайлары: із қалдырушы объектінің эсер ету ба- ғыты, күші, арақашықтығы, жылдамдығы, іздердің пайда болу уакыты мен кезектілігі (мысалы: ату ара қашықтығы мен бата ты, жәбірленушіге жарақат салудың кезектілігі, көлік кұралда- рының қозғалыс жылдамдығы мен бағыты). Сонымен катар, із калдырушыларды зерттеу механизмі кейде іздің қалыптасуына эсер ететін тікелей себепті әрекетті анықтау мәселелерін де қарас- тырады, мысалы: әйнектегі ойык тас лақтырудан ба, әлде оқтан пайда болды ма; киімдегі зақым жыртылудан, әлде кесуден пайда болды ма; аңшы кару оқпанының жарылу себебі неде және т.б. Жоғарыда көрсетілген криминалистикалық техниканың қарастыратын негізгі мәселелерін төмендегідей бөліп көрсету- геболады: 1. Идентификациялық: а) жеке тепе-теңдігін аныктау (идентификация); ә) объектілердің кай топқа жататындығын анықтау. 2. Идентификациялықемес: а) қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту және алу; ә) іздердің пайда болуына әкеп соқкан әрекеттердің жағда- йын, механизмін, себептерін аныктау және т.б. Қарастырылған мәселелерді шешу максатында криминалис- тикалыктехниканың әдістерін тергеуші, маман, сарапшы кол- дана алады. Бұл криминалистикалық техниканың тұтастығын көрсетеді. Сондықтан тергеу және сараптамалық криминалис- тикалық техниканы жеке ғылыми пән ретінде қарастырып өндеуді талап ететін немесе криминалистикалык сараптаманы криминалистикадан бөліп қарастырғысы келетін авторлармен келісе алмаймыз. Бірақта, бір жағынан тергеуші мен маманның криминалис тикалык техниканы қолдану, екінші жағынан сарапшының кри миналистикалык техниканы қолдану ерекшелігін ескерген жөн. Сонымен, криминалистика ғылымындағы криминалистика лык техника бөлімі өте маңызды бөлім. Криминалистикалык техника қылмысты тергеу максатында нақты жаратылыс және техникалык ғылымдарды пайдалану негізінде қалыптасып пайда болған. Олар, кылмыстық сот өндірісі мәселелерін шешу мен заттай дәлелдемелерді зерттеу- ге бейімделген — физика, биология, химия, математика және баска да ғылымдардың әдістерін колданудан тұрады. Сонымен 51
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==