Криминалистика

Егер оқиға болған жерде өрттің қоқыс үйінділері болған жағдайларда міндетті түрде жиһаздар мен құрылғылар және басқа да заттардың орналаскан жерлері көрсетіле отырып жа- нып кеткен ғимараттың жоспары жасалады, содан кейін ғана қарау басталады. Ғимараттын жоспары тергеушіге заттай дәлелдемелерді іздестіру бағыты мен қарауды бастау нүктесін анықтауға көмегін тигізеді. Оқиға болған жердің жағдайына әлі ешкандай өзгерістер енгізілмей тұрып, қараудың бастапқы са- тысында қаралатын әр түрлі учаскелерді фотосуретке түсіру қажет. Окиға болған жерді қарау процесінде келесілер анықтала- ды: өрт қою белгілері; өрттің шыққан орны (ошағы); іске ма- ңызды іздер мен баска да әр түрлі затгар; жанған объектіге, ол өртенбей тұрып кіру мүмкіндігі; өздігінен жанып кетуі ыкти- мал заттар мен материалдардың болуы; өртеу үшін пайдаланыл- ған заттар мен құралдар және сұйықтықтар; жарықтандыру және жылыту құрылғыларынан от шығу мүмкіндіктері; электр- өткізгіштердің, электр кұрылғыларының, жылыту жүйелері мен алдын ала сақтандыру қүрылғыларының жарамдылығы. Өртеу белгілеріне мыналар жатуы мүмкін: а) екі немесе одан көп өзара байланыспаған өрт көздерінің болуы; ә) жылдам тұта- натын заттардың калдықтарынын болуы; б) өртеніп кету үшін қасақана жағдайлар жасау; в) өртеу үшін арнайы құрылғылар- дын болуы; өртсөңдіру кұралдарын касақана бүлдіру, жою және т.б. Өрттің пайда болу көздері (ошағы) окиға болған жерді карау кезінде оттыңтаралу сипаты мен бағытына; өртену нәтижесінде болған копарылыстардың сипаты мен көлеміне; екі түрлі электр жүретін сымдардың қосылуы салдарынан немесе оған су тию нәтижесінде электрөткізгіштер күйіп-жануынан өрттің пайда болған жеріне; өртеу үшін қолданған заттар мен күрылғылар- дың табылу ына байланысты анықталады. Өрттің басталу орнын анықтау үшін өрттің әр түрлі орындарындағы жанған бірыңғай құрылғылар мен заттардың қалдықтарын салыстыру қажет. Мұндай салыстырулар нәтижесінің негізінде барынша жанған заттар өрттің бастапқы шыққан жерінде болуы ықтимал деп түжырым жасауға болады. Егер мал қораларындағы шала жан- ған жерлерден мал өліктері табылса, онда өрттің басталу көзі неғұрлым алысырак жерлерден басталған деп түжырымдар жа- сауға болады. Себебі малдар өрттің басталу көзінен кұтылу үшін отган алысырақ жерлерге карай қашады. Өрттің шыкқан орнын 499

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==