Криминалистика
Өрт жөніндегі істер бойынша оқиға болған жерді күзету күрделі мәселе, себебі оны сөндіруге көбінде жергілікті түрғын- дар қатысады. Бірақ қандай жағдай болмасын, өрт сөндіруге қатыспайтын адамдар онда жүрмеулері тиіс. Өрт болған жер қоршалып, белгілер қойылуы қажет. Егер қарау барысында қатысушылардан басқа бөтен тұлғалар жүргендігі анықталса, оларды жібермес бүрын, олардың жеке басын, өрт фактісіне қатынасын анықтау қажет. Тергеуші өрт болған жерлер мен оған іргелес жаткан аумақгарды дереу көзімен шолып шыққаннан кейін болған оқиғаны анықтайды, куәлер болса олардан қысқа- ша жауаптар алады, ал жоқ болған жағдайларда жедел-іздестіру тобының қызметкерлеріне оларды анықтау туралы тапсырма береді: өрт болып жатқанын бірінші көрген адамдарды, соны- мен қатар өрт қауіпсіздігі кызметкерлерін, өрт шықкан жерге алдымен келген және оны сөндіруге катысқан адамдарды анық- тайды. Тергеушінің міндеттеріне: көзімен көрген куәлардан өрт болған жердің жағдайы туралы толық мағлұмат алу, яғни өрт болғанға дсйін осы нсмесе басқа да табылған заттар қай жерде жәнс қалай орналасқандығы жөнінде бағдарлап білу және өрттің қай жерден басталып таралғандығын, сондай-ақ олар қандай да бір өзгеше иістерді (мысалы: жанып жаткан жанармай, резеңке иістерін сезді ме, түтін немесе жалын болған жок. па, болса түр- түсі каидай болғандығы туралы мән-жайларды) анықтау үшін; сонымен қатар өрт басталған сәтте шаралар қолданылды ма (кім қолданды және қандай шаралар); олар қандай да бір жарылыс болғанын естіді ме; кім және қашан өрт болған жерде соңғы рет болды; өрт қандай затка және қаншалықты дәрежеде закым келтірді; окиға болған жсрдің жағдайына қандай да бір өзгерістер енгізілген жок па (кіммен, кашан және накты кандай өзгерістер); өрт сөндірушілер келгенше оқиға болған жерде қандай да бір адам болды ма (нақты қандай адам), олар кай түстан келді және қай бағытқа қарай бет алды немесе кетгі деген сүрактарды шешу жатады. Алдын ала кажетті мәліметгерді жинап болғаннан кейін тергеуші өрт болған жерді және оған жақын орналаскан учас- келерді жалпы шолып қарап шығады. Мұның үстіне ол жол- дарға және өртке қатысты қылмыскерлер қалдырған іздерді анықтау мақсатында жақын жерлерге, сондай-ак өртке барын- ша қауіптірек жерлерге, ғимараттың қүрылыс ерекшелігіне аса назар аударуы тиіс. 498
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==