Криминалистика
— жалпы жасалған қылмыстық іске қатысты қандай нысан- дар, қандай іздер қалдырылады және олардың қандай қасиеттері, сипаттары бар; — криминалистикалық техниканы дамыту. Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына қарай арнайы мәсе- лелерді зерттейді: — қылмыстың ізін қалай және қандай техникалык қүралдар- дың көмегімен табуға болатындығын; — олар дәлелдеме болуы үшін, оларды қалай және қандай техникалық қүралдармен тауып, бекітуге болатындығын; — бұл дәлелдемелерді, қалай және кандай техникалык. құрал- дардың көмегімен алуға болатындығын. Мысалы, қылмыс ісін- дегі саусактың қалдырған ізін криминалистер XX ғасырда ұнтақ- тың көмегімен табуға болатынын, оны дактопленкаға бекітіп, бирка жасап, сол пленканы дәлелдеме ретінде алуға болатынын анықтаған; — бүл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен анықталға- нын карастырады, бірақ көбінесе бұл мәселені экспертология шешеді; — кылмыстық іс, колданылған кару, қылмыскерлер, қалды- рылған іздер және т.б. мәселелер жайлы мәліметтерді қалай және қандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығын; — қандай техникалык кұралдар қылмыс жасауға кедергі жа- сайтындағын. Аталған мәселелер арнайы болып табылады, ал осылардың әрқайсысында накты мәселелер бар және әлі де бола береді. Яғни, бұл нақты мәселелер: нысанныңтүрлеріне, атылатын немесе суык кару, қолдың немесе автокөліктің іздері және т.с.с. кылмыс іздеріне байланысты болады. Табылған іздер бойынша объектілердің ішінен кажетті же- келенген іздерді немесе оларға қатысты объектілердің түрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді қалдырған деп та- былған объектілерді аныктау мәселелері идентификацияның көмегімен шешіледі. Криминалистикалыктехника идентификациямен тығыз бай- ланысатын басқа да идентификациялык емес (диагностикалық, классификациялык, ситуациялық) мәселелерді шешеді. Олар- дың катарына іздердің пайда болу механизмін аныктау жатады. Бұзу іздері аркылы іздердің пайда болу механизмі, қүралдар- дың қозғалыс бағыты, бөгет пен қарым-катынаска түсу бұры- шіі, басу күші және т.б. анықталады. 50
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==